ЖОСПАР, ЖҰМЫС, НӘТИЖЕ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ ҚАНДАЙ?

Уақыты: 27.05.2020
Оқылды: 1180
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жетісу – бүгінгі күні қарқынды дамып келе жатқан өлке. Экономиканың барлық саласында оң динамика байқалады. Инвестициялық белсенділік тұрақты өсуде, ауылшаруашылығындағы, өнеркәсіптегі, шағын және орта бизнес пен туризмдегі жетістіктер көңіл қуантады. Енді осы туралы толығырақ тарқатып өтейік.

Агроөнеркәсіп

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығының жалпы өнімі 113,4 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 102,3%. Облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде 13,9 млрд.теңге инвестиция тартылды, соның ішінде ауылшаруашылығында  – 7,9 млрд. теңге және азық-түлік өндірісінде – 6,0 млрд. теңге, НКИ өсімі сәйкесінше 5,7% және 94,5%. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында АӨК-ның 41,2 млн. АҚШ доллары болатын (91 мың тонна) өнімдері  экспортталды, бұл 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 35,5% артық. АӨК-нің өңделген өнімдерінің экспорты 27,6%-ке артты, 27,3 млн.АҚШ доллары болатын тауар шығарылды.

Ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігі бір жұмысшыға болжаммен 2019 жылы 2361 мың теңгеден болды, бұл 2018 жылдың деңгейімен салыстырғанда 14,1% артық.

Алматы облысындағы АӨК субъектілеріне 2019 жылы 52,1 млрд. теңге мемлекеттік қолдау көрсетілген, оның  43,2 млрд. теңгесі субсидиялауға бағытталған. Осы мақсатқа 2020 жылы бюджеттен 47,2 млрд. теңге (РБ – 14,3 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 33,0 млрд.теңге) бөлінді. Осы қаржыдан мал шаруашылығын дамытуға – 16,4 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығына – 7,4 млрд. теңге және су шаруашылығына – 2,2 млрд. теңге, агросубъектілердің инвестициялық шығындарын өтеуге  9,0 млрд. теңге, несиелік міндеттемелердің сыйақы мөлшерлемелеріне 5,1 млрд. теңге қарастырылған. Биылғы жылғы 19 мамырда бюджет қаржысынан 17,7 млрд. теңге тауар өндірушілерге берілді.

Облыста ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін 400-ден астам кәсіп- орын жұмыс істейді, олар 2019 жылы 227,9 млрд. теңгенің, ал 2020 жылдың 4 айында 89,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді.

2019 жылы құны 93,8 млн. АҚШ доллары болатын 144 мың тонна азық-түлік экспортталды, яғни өндірілген өнімнің шамамен 40% шетелге жөнелтілген.

Экспорттық әлеует

Алматы облысында экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асыратын 30-дан астам тауар өндірушілер бар. Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан Моңғолия, Түркмения, Қытай экспорт бойынша негізгі сауда серіктестері болып табылады.

2019 жыл бойынша өңдеу өнеркәсібі экспорты көлемі 387,2 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2018 жылмен салыстырғанда 114,4%.

Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі 51,4 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2019 жылға қарағанда 121,1%.

Сыртқы нарықтарға шығу, проблемалық мәселелерді талқылау, іскерлік байланыстарды орнату мақсатында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары республикадағы, алыс және жақын шетелдердегі түрлі халықаралық көрмелерге белсенді қатысуда.

2019 жылы Өзбекстандағы сауда миссиясы мен Германиядағы ұлттық стендке «Рыбпром», «Шай орталығы», «Леовит», «ЭйкосФарм» ЖШС қатысты. 2019 жылы «Лепсі Өнімдері» ЖШС (Бал), «Arbawine» (шарап), «Империя Фуд» (өлшенген мұздатылған ет), «Алюминиум Оф Қазақстан»  (Алюминий профильдер), «Қаратал балық» (көксерке еті) экспортқа шықты. «Текелі тау-кен өңдеу кешені» ЖШС Ресей, Өзбекстан, Қытай елдеріне шойын сынамаларының партияларын жіберді.

Даму институттарымен бірлесіп тұрақты түрде экспорттаушы кәсіп- орындарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары бойынша жұмыс жүргізілуде. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ арқылы 2019 жылы экспорттық кредиттер мен құжаттық аккредитивтерді сақтандыру бойынша 11 кәсіпорынға қолдау көрсетілді («Ақсу Қант» ЖШС, «RG Brands Kazakhstan», «Алматы өнімдері», «Қайнар АКБ» және т.б.) Сондай-ақ, 12 кәсіпорынға («Қайнар АКБ» ЖШС, «Шин-Лайн», «ИП «Хамле Компани ЛТД», «NUR KAGAZY», «ЮНИЛЮКС», «Kelun-Kazpharm» және т.б.) экспортқа арналған тауарлар тасымалының шығындары ішінара өтелді.

Биылғы жылы осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. 12 наурыздан бастап экспортты тасымалдау шығындарын өтеуге өтінімдер қабылдау басталды. Бағдарламаға қатысу және құжаттар пакетін дайындау бойынша кәсіпорындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Облыста ірі инвестициялық жобаларды, соның ішінде трансұлттық компаниялардың қатысуымен іске асыру облыстың шикізаттық емес экспорт саласының дамуына оң әсерін тигізді.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телекөпір аясында іске қосылған «МаревенФуд Тянь-Шань» ЖШС 2019 жылы таяу шетелдерге және Ауғанстанға 30% өнім (6 мың тоннадан астам) жөнелтті. 2020 жылы экспорт көлемін 60%-ға дейін арттыру жоспарлануда. 2019 жылы іске қосылған «Лукойл» компаниясының майлау материалдарын өндіру зауыты биылғы жылы 40 мың тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр, оның 20%-ы Орталық Азия, ҚХР, Иран елдеріне экспортқа шығарылатын болады.

Инвестициялық тартымдылық

Өңірдің инвестициялық дамуы қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік болашаққа бағытталған. Осы мақсатта Алматы облысының инвестициялық жобаларының пулы қалыптастырылды,  қазіргі кезде оған 447 жоба енгізілген (4,9 трлн. теңге, 42 000 жұмыс орны), оның 258 жобасы (1,7 трлн. теңге, 21 000 жұмыс орны) іске асырылудың түрлі кезеңдерінде және көз жетерлік болашақта (2-3 жылда) өңірге тартылатын инвестицияның тұрақты легімен қамтамасыз етеді. Бұл ретте дайындалу үстіндегі 189 жоба (3,2 трлн. теңге, 21 000 жұмыс орны) өңірдің 2029 жылға дейінгі индустриалды дамуын қамтамасыз етеді.

Облыстың сәтті жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалары оның экономикалық дамуы мен өркендеуінің көрсеткіші. Сонымен қатар, инвесторларға қолдау көрсету мақсатында облыста 2014 жылдан бері «Алматы облысының өңірлік даму орталығы» ЖШС жұмыс істейді, ол «Бір терезе» және «Жасыл дәліз» қағидаттарына сәйкес фронт-кеңсе қызметтерін атқарады.

2019 жылы Алматы қаласында заманауи фронт-кеңсе ашылды. Орталық қазіргі кезде инвесторлармен өзара байланыс және ынтымақтастықтың тиімді жүйесі жасалды, бұл бастамашының кішкене ынтасымен инвесторға берілген мүддесін таныту уәкілеттілігі шеңберінде мемлекеттік органдардан тиісті келісім мен мәселенің шешіміне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сол сияқты өткен жылы шетелдік тікелей инвестиция легін арттыру, облыс рейтингін көтеру, Талдықорған қаласының инвестициялық әлеуетін таныстыру мақсатында «JetisuInvest 2019» Халықаралық инвестициялық форумы өткізілді: әлемнің 9 елінен 400-ден астам делегат келді, құны 324,4 млрд. теңге болатын 13 меморандум жасалды, көрменің 30 экспоненті қатысты. Форум «шетелдік мекеме – өңір» тізбегін қалыптастыруға негіз қалады, іс жүзінде инвестиция тарту ісінде 7 елшілікпен кері байланыс орнатылды.

Облыста қуаттылығы жылына 180 мың тонналық (шамамен 129 млрд. теңге) ірі қара етін өңдейтін америкалық ірі «Tyson Foods» компаниясының ет комбинаты құрылысының жүзеге асырылу мәселесінің қаралуы – облысқа белсенді түрде инвестиция тартудың басты көрсеткіштерінің бірі. Сонымен қатар, инвестиция тарту шаралары шеңберінде invest.alm-reg.kz арнайы инвестициялық порталы қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мобильді нұсқаларымен ашық әрі қолжетімді түрде құрылып, жұмыс істеп тұр. Порталда инвесторлар үшін барлық қажетті ақпараттарды табуға болады (мемлекеттік қолдау шаралары, жер учаскелерінің картасы, бос жер учаскелері, жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар, қонақүйлер, екінші деңгейлі банктер және т.б.). Ақпараттарды толықтыру, оның маңыздылығын сақтау, оны интернетте ілгерілету жұмыстары жүргізілуде.

Сөйтіп, өңірде инвестиция тарту, инвестициялық жобаларды табысты жүзеге асыру мәселелері орталықтандырылған, облыс басшылығының ерекше бақылауында.

Өңірдің инвестициялық портфелі аймақтың инвестициялық оң имиджін жасау мәселесінде бюрократиялық кедергілерге жол бермейтін бүгінгі қалыптастырылған механизмнің нәтижелілігін айғақтайды.

2019 жылы облыс бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 821,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 51,6 млрд. теңгеге артық,  НКИ – 106,9%. 

Индустрияландыру

Өңдеу өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп көлеміндегі үлесі республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш – 86,6%. Есепті кезеңде осы салада сусын өндіру – 12,7%, жеңіл өнеркәсіпте –  29%,  фармацевтикада – 20,1%, дайын металл бұйымдарында – 38,9%, машина жасауда 60%-ға  ұлғайтылған.

2019 жылы мынадай индустриалды жобалар жүзеге асырылды:  «Империя Фуд“ ЖШС – 2 600 млн. теңге, 93 жұмыс орны, «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Центральная Азия» ЖШС – 32 100 млн. теңге, 200 жұмыс орны, «Fores» ЖШС – 1 650 млн. теңге, 60 жұмыс орны, «КелунКазфарм» ЖШС – 1 600 млн. теңге, 100 жұмыс орны, «Жетісу» Мажико» агрокешені» ЖШС – 6 000 млн. теңге, 50 жұмыс орны және т.б.

2020 жылдың 1-ші жартысында мынадай индустриалды жобалар жүзеге асырылды:

«Жетісу Соя» ЖШС – Еңбекшіқазақ ауданында «Қуаттылығы жылына 16,0 мың тонна шикізат өңдейтін, байпас протеині мен соя майын өндіретін зауыттың құрылысы» жобасы, жалпы құны – 1 000,0 млн. тг., жұмыс орны – 31; «AGRITECH» ЖШС – Іле ауданында «Қуаттылығы жылына 2500,0 тонна белок өндіретін, сояны тереңнен өңдейтін заманауи өнеркәсіптік зауыттың құрылысы» жобасы, жалпы құны – 3 500,0 млн. тг., жұмыс орны – 60; «Секвойя плюс» ЖШС  – Қаратал ауданында «Қуаттылығы тәулігіне 60,0 тонналық, еріткіш өндіретін зауыттың құрылысы» жобасы, жалпы құны – 240,0 млн. тг., жұмыс орны – 40; «Catexpo» ЖШС (КАТЭКСПО) – Қаратал ауданында «Алаңы 2500,0 м2, жиһаз қоймасының құрылысы» жобасы, жалпы құны – 150,0 млн. тг., жұмыс орны – 10; «Alacem» ЖШС – Кербұлақ ауданында «Қуаттылығы жылына 1,2 млн. теңге болатын цемент зауытының құрылысы» жобасы, жалпы құны –  47 000,0 млн. тг., жұмыс орны – 400; «Феникс Фид Миллс» ЖШС – Панфилов ауданында «Қуаттылығы жылына 60,0 мың тонна болатын құрама жем зауытының құрылысы» жобасы (Хоргос АЭА), жалпы құны – 5 800,0 млн. тг., жұмыс орны – 87; «Ақтоғай Ресайклинг» ЖШС – Сарқан ауданында «Қуаттылығы жылына 5,0 тонналық, Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының вахталық қалашығынан және өнеркәсіп алаңынан қалдықтарды шығару және өңдеуді ұйымдастыру» жобасы, жалпы құны – 43,0 млн. тг., жұмыс орны – 12; «Алмаз Керамикс» ЖШС (DIAMOND CERAMICS) – Талдықорған қаласында «Қуаттылығы тәулігіне 8000 м2 болатын, керамикалық плиткалар шығаратын өндірістің бірінші желісін жағрыту» жобасы, жалпы құны – 5 441,8 млн. тг., жұмыс орны – 100; «ТКМЗ» ЖШС – Талдықорған қаласында «Қуаттылығы жылына 82,0 мың тонна болатын, майлы дақылдар өңдейтін зауыттың құрылысы» жобасы, жалпы құны – 8 600,0 млн. тг., жұмыс орны – 110; Республика көлемінде облыс өнеркәсібінің үлес салмағы-3,2%. Облыс шарап, қант, жеміс және көкөніс шырындары, темекі өнімдері, мия, ірі қара мал терісінен жасалған былғары, гофрленген картон ыдысы, электр аккумуляторлары бойынша республикалық тауар өндірісі бойынша алдыңғы қатарда.

Алматы облысының өнеркәсіптік әлеуеті 1000-нан астам кәсіпорыннан тұрады, онда 70 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жалпы көлемдегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 86,2%-ды құрайды, бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Облыста іс жүзінде өнеркәсіптің барлық салалары: тамақ өнімдері, сусындар, темекі өнімдері, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика, электр энергиясы өндірісі және т. б. дамуда.

Облыстың агроөнеркәсіп секторын дамытудағы әлеуетін ескере отырып, өндірістің жалпы көлемінің 40%-дан астамын тамақ өнімдері мен сусындар өндіру құрайды, облыстың тауар өндірушілерінің өнімдері республиканың барлық өңіріне жеткізіледі.

Алматы өңірінде азық-түлік өңдеу өнеркәсібінде «Кока Колла», «Эфес Қарағанды», «Хамле», «Адал», «ФудМастер», «Данон», «МаревенФуд» сияқты танымал әлемдік брендтердің өнімдерін шығаратын бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс істейді. Аталған кәсіпорындардың өнімдері республиканың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді және де сыртқа экспортталады. Осы саланың кәсіпорындары Алматы қаласының «азық-түлік белдеуі» буындарының бірі болып табылады.

Облыс республикадағы шырындар мен алкогольсіз сусындардың негізгі өндірушісі болып табылады, 6 ірі өндіруші («ГалланзБотлерс», «Терра Нова», «Кока Колла Алматы Ботлерс», «RG BrandsKazakstan», «Голд Продукт», «AppleWorld») жылына шамамен 1 млрд. литр  сусын шығарады, өнімнің ассортименті үнемі молаюда.

2018 жылы Мемлекет басшысының қатысуымен «Ролтон» брендімен «МаревенФуд» компаниясының тамақ өнімдерін өндіретін ірі комбинат ашылды. Өнімнің бұл түрі бұрын да экспортталған болатын. Кәсіпорын жыл сайын өндіріс көлемін арттырып, жеткізу географиясын кеңейтіп келеді. Биылғы жылдың басынан 5 мың тоннадан астам өнім өндірілді немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда – 113%.

Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында облыс кәсіпорындары 89,3 млрд. теңгенің немесе өткен жылдың 114,2%-на тең  келетін азық-түлік өнімдерін өндірді.

Жаңадан ашылған ет өңдеу өндірісшілерінің бірі «Империя Фуд» ЖШС Қытай, Иран және басқа да елдер нарығына шықты. «АзияАгроФуд» ЖШС Қырғызстанға және Өзбекстанға ұн жеткізеді. «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС жүгеріні терең өңдеуді жүзеге асырады, крахмал, глютен, ұнтақ, мезга, жомды Қытайға, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Ресейге экспорттайды.

Республикадағы кондитерлік өнімдерді өндіруші ең ірі «Хамле компании ЛТД» ЖШС Қырғызстанға, Ресейге, Өзбекстанға өз өнімдерін экспорттайды.

Қолжетімді баспана

Облыс басшылығы кезекте тұрған облыс тұрғындарын сапалы, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. 2019 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 763,2 мың шаршы метр жоспарына өңірде  894,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (асыра орындалды – 117,2%). Оған қоса бюджеттік қаржы есебінен 385 аз қамтылған отбасы тұрғын үймен қамтылды, бұл жоспардағыдан 13 пәтерге артық.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету 7-20-25 бағдарламасын жүзеге асыру үшін кешенді құрылыс аудандарына ИКЖ тарта отырып, жеке тұрғын үйлер салуға ынталандыру жалгерлік, несиелік үйлер салу жолымен жүзеге асырылуда.

Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру үшін биылғы жылы облыс бойынша 40,8 млрд. теңгені (РБ – 22,9 млрд. тг, МБ – 17,9 тг) игеру жоспарлануда.

2020 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде 938,8 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарлануда, соның ішінде:
– бюджет қаржысы есебінен 136,0 мың шаршы метр;
– жеке құрылыс салушылар есебінен 103,0 мың шаршы метр;
– ЖТС есебінен (халық) 699,8 мың шаршы метр;
2020 жылы қаңтар-сәуір аралығында 266,9 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, яғни 120,0%.

Биыл бюджет қаржысы есебінен 246,2 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3 258 пәтер (714 тұрғын үй) пайдалануға беріледі, жыл соңына дейін жалпы алаңы 136,0 мың шаршы метр 1 764 пәтерлік 519 үй іске қосылады.

Жалпы биыл мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кезекте тұрған 3 030 азаматты тұрғын үймен қамту жоспарланған, соның ішінде мына бағдарламалар: 
– «Нұрлы Жер» – 1 234 пәтер;
– «Бақытты отбасы» – 600 пәтер;
– «5-10-20» – 866 пәтер.
Бұл орайда жаңадан жарияланған «5-10-20» бағдарламасы шеңберінде 180,0 млрд. теңгенің 6,4 млрд. теңгесі Алматы облысына бөлінді. Жалпы облыста тұрғын үй кезегінде тұрғандарды баспанамен қамту үшін 2025 жылға дейін жыл сайын шамамен 250,0 мың шаршы метр тұрғын үй салынуы тиіс.  Бұл мақсатқа жобалауға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді. Одан бөлек ЖАО-да тұрғын үй кезегінде тұрғандарды баспанамен қамтамасыз ету үшін жыл сайын орта есеппен 6 мың жер учаскесіне ИКЖ құрлысын жүргізу көзделген. Бұл мақсатта бюджеттен жыл сайын шамамен 10,0 млрд. теңге бөлінеді.

Инфрақұрылым

Биыл жергілікті маңыздағы жолдардың сапасын жақсарту үшін 556 жобаны жүзеге асыруға 62,7 млрд. теңге қарастырылған (РБ – 12,9 млрд., ЖБ – 49,8 млрд.), оның ішінде: «Нұрлы жол» шеңберінде 15,3 млрд. теңгеге 40 жоба, «Ауыл – ел бесігі» бойынша 3,5 млрд. теңгеге 19 жоба, «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 19,7 млрд.теңгеге 337 жоба, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 24,2 млрд. теңгеге жергілікті бюджет есебінен  160 жобаны жүзеге асыру қарастырылған.

2020 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті маңыздағы автокөлік жолының 326,3 шақырымын қайта жаңғырту мен құрылысын жүргізу жоспарланған, атап айтқанда:

• Қайта жаңғыртуға – 29 шақырымға 4 634,3 млн. теңге, соның 19 шақырымы Балқаш көліне дейінгі автожол – 4 010,0 млн. теңге;
• 4 км а/ж мен 12 көпірді күрделі жөндеуге – 1 799,6 млн. теңге;
• Орташа жөндеуге  – 293,3 км. жолға 8 881,1 млн. теңге.

2025 жылға дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында  188,7 км. құрылыс (қайта жаңғырту) жұмыстарын жүргізу, күрделі жөндеуге – 120,2 км. жол мен 16 көпір,  орташа жөндеуге – облыстық маңыздағы 1 480 км. автокөлік жолы жалпы сомасы (шамамен) 148 511,9 млн. теңгеге, соның ішінде ірі жобалар:

Жалпы сомасы (шамамен) 51,0 млрд. теңге болатын ұзындығы 36,4 км. «БАКАД-тың алты радиалды жолдарының құрылысы» жобасын жүзеге асыру; Балқаш көліне дейінгі ұзындығы 75 км. автожолды қайта жаңғыртуды аяқтау, сомасы – 18,0 млрд. теңге. Сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңыздағы жолдардың үлесін 99 %-ке жеткізу міндеті қойылды.

Алматы қаласының шеткі жерлерін түгендеу қорытындысы бойынша барлығы 194,3 мың гектар жерде мемлекет мұқтажы үшін (жол құрылысы, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым үшін) учаскелер резервке алынған.

Биыл Алматы агломерациясында жалпы ауданы 52,5 мың м2 болатын 740 пәтерлік 88 несиелік үй құрылысына 7,1 млрд. теңге,  (облигациялар – 6,2 млрд. теңге, қоса қаржыландыру – 0,9 млрд. теңге) бөлінді. Жалпы ауданы 30,8 мың м2 болатын 420 пәтерлік 66 жалға берілетін үй құрылысына 3,4 млрд. теңге (РБ – 2,5 млрд. теңге, ЖБ – 0,9 млрд. теңге) бөлінді. Қала маңы аумағында ТК және ЖТҚ үшін инженерлік желілерді салу мақсатына 5,2 млрд. теңге қарастырылған (РБ – 2,4 млрд. теңге, ЖБ – 2,8 млрд. теңге).

Бекітілген бас жоспарға сәйкес GateCity серіктес қаласында 1,4 млн. м2 тұрғын үй салу жоспарлануда. Алғашқы 190 мың м2 тұрғын үй құрылысына Алматы облысының әкімдігі мен «G4 City» ЖШС арасында меморандум жасалды. Құрылыстың басталуы – 2020 жылдың 1-ші жартысының аяғы, бітуі – 2021 жылдың 4-тоқсаны.

Қала маңындағы аймақта үшауысымды оқытуды шешу үшін 16 650 орынға арналған 18 мектептің құрылысына 37,2 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде 9 000 орынды 6 мектеп бар. Сондай-ақ, «ЖҚЖК» аясында 13 мектеп, 5 Мәдениет үйін күрделі жөндеуге 7,0 млрд. теңге қарастырылған.

Денсаулық сақтау саласында Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында 100 төсектік перзентхана құрылысын аяқтауға – 183,0 млн. теңге, Еңбекшіқазақ ауданының Қорам, Көктөбе, Жамбыл ауданының Сарыбай би, Үңгіртас ауылдарында, Іле ауданының Тілендиев, Междуреченск ауылдарында, Қарасай ауданының Ырғыз, Долан ауылдарында 8 дәрігерлік амбулатория құрылысына 2,9 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 3 дәрігерлік амбулаторияға – Көктөбе, Іргелі, Тілендиев ауылдарында «ЖҚЖК» шеңберінде 1,2 млрд. теңге бөлінді.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ топтық су тартқышының құрылысына 1,0 млрд. теңге бөлінді. Сонымен қатар, «Алматы облысы Қарасай ауданында Қаскелең топтық су тартқышының құрылысы. I кезек (2-ші және 3-ші іске қосу кешендері)» жобасына түзету жүргізілуде, ЖСҚ-сын түзетуге 200 млн. теңге бөлінді. Жұмысты Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арқылы «Қазсушар» РМК жүргізеді.

ҮАААЖ-дан қала шекарасына дейін 6 радиалды жолды тесу жұмыстары жүргізілуде: Ақын Сара көшесі, Рысқұлов көшесі, Саин көшесі, Абай көшесі, Тілендиев көшесі, Солтүстік айналма жол. 2020 жылы 4 көшенің (Рысқұлов, Тілендиев, Солтүстік айналма жол, Саин) құрылысын бастау үшін ҚР ИИДМ-ге бюджеттік өтінім берілді.

«Алматы-Бішкек» автомобиль жолының 16-19 шақырымында «Алтын Орда» базары ауданында 1,5 шақырымды, 2 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін және «Асыл Арман» ТК жанындағы көлік айрығын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін барлық учаскеде қозғалыстарды ашу жоспарлануда. Жобаның құны 11,2 млрд. теңге (жоба басталғаннан бері 6,2 млрд. теңге игерілді). Бұл жұмыстарға 158 адам, 73 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1097 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының қала маңы аймағының бас жоспарына (аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбасы) сәйкес Алматы агломерациясына 5 аудан және 1 қала (Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары және Қапшағай қаласы) кіреді.

Бүгінде Алматы қаласының қала маңы аудандарының 187 елді мекенінің 993,8 мың халқы бар 134-і немесе 71,6% газдандырылды, бұл ретте табиғи газға 805,6 мың адам қол жеткізе алады.

«ІІ іске қосу кешені «Байсерке – Қапшағай» газ құбыры-бұрылысынан Іле ауданы Жетіген ауылына дейін жеткізуші газ құбырының құрылысы» жобасының ЖСҚ-сын әзірлеу аяқталды, газ құбырының ұзындығы 6,5 км., құрылыстың құны шамамен 1,1 млрд. теңге. ЖСҚ мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың қарауында, мерзімі биылғы жылдың маусым айы. Бұл газ құбыры облыстың 41 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жамбыл ауданы бойынша 40 елді мекен газдандыруға жатады, 22 елді мекен газдандырылған, оның 14-і агломерацияға кіреді.

2020 жылдан бастап ауданның 3 елді мекенінде әзірлеу жұмыстары жасалуда. Көгілдір отынға 85,2 мың адамның қосылуға мүмкіндігі бар. Қарасай ауданы бойынша 47 елді мекеннің 45-і газдандырылды, 228,3 мың абонент табиғи газды пайдаланады. Іле ауданында 29 елді мекеннің 27-і немесе 184,6 мың тұрғын табиғи газды пайдалануға мүмкіндігі бар. Талғар ауданы бойынша 46 елді мекеннің 42-і тауарлық газға қол жеткізе алады, бұл 187 мың адамды құрайды.

Қазіргі уақытта Еңбекшіқазақ ауданында 46 елді мекеннің 4 елді мекені газдандырылды, 66 мың адам табиғи газды пайдалану мүмкіндігіне ие. Қапшағай қаласы бойынша 4 елді мекенде 54,5 мың адамды табиғи газға қосу мүмкіндігі бар, 10,2 мың адам қосылған. 2019 жылдан бастап Талғар ауданының 7 ЖСҚ-сы әзірленуде. Осы ЖСҚ-ны 2020 жылдың екінші жартыжылдығында аяқтағаннан кейін және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жеке инвестицияларды тарту жұмыстары жүргізілетін болады. Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 169,9 мың адам табиғи газға қол жеткізе алады.

Туризм ресурстары

Алматы облысында соңғы 5 жылда туристер саны екі есе өсіп, 2 млн. 227 мың адамды құрады (2015 жылы – 887 мың адам). 2019 жылдың қорытындысы бойынша облыста мониторинг мәліметтері бойынша туристер қабылдайтын 781 нысан жұмыс істейді. Олар 2272,3 мың адамға қызмет көрсеткен, 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім – 18,7%, (2018 ж. – 1914,9 мың адам), ақылы туристік-сауықтыру қызметінің көлемі 15,9 млрд. теңгені құрайды, ұлғайтылуы – 23,3% (2018 ж. – 12,9 млрд. теңге). Алматы облысында ішкі туристердің шығыны 2019 жылы 31,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 23% немесе 7,4 млрд. теңгесі – жол шығыны, 7,1 млрд. теңгесі (22,1%) – түрлі тауарлар сатып алуға, 6,1 млрд. теңгесі (19,0%) – тамақтануға, 4,9 млрд. теңгесі (15,2%) – орналастыру орындарында тұруы үшін, 2,0 млрд. теңгесі (6,2%) – естелік заттарды сатып алуға, 1,3 млрд. теңгесі (4%) – сауықтыру қызметтеріне, 2,4 млрд. теңгесі (7,4%) басқа да қызметтерге жұмсалған.

Туристік нысандарға келсек, соңғы 5 жылда облыста жалпы сомасы 40,1 млрд. теңгеге 196 туристік жаңа нысан іске қосылды. Соның ішінде 2019 жылы облыс картасында сомасы 19,3 млрд. теңге жеке инвестиция есебінен 48 жаңа орналастыру орындары пайда болды. Сол сияқты биыл облыста 4,2 млрд. теңгеге 27 туристік нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған.

2020 жылдың 1-тоқсанында сомасы 110 млн.теңгеге 3 нысан іске қосылды (Алакөл ауданы). Тау кластері аумағында Талғар ауданындағы жұмыс істеп тұрған «Ойқарағай – Апорт» (1-кезең) және «Ақбұлақ» және Еңбекшіқазақ ауданындағы жаңа  «Түрген» (1-кезең) тау курорттарын кеңейтуді жүзеге асыруға қатысты, сол сияқты Райымбек ауданында жалпы құны 542,7 млрд.теңге болатын жеке инвестицияға ашылған «Park Canyon» ойын-сауық кешеніне қатысты ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Сонымен бірге Алакөл көлінің жағалауында сомасы 4 млрд. теңгеге жазғы амфитеатры бар «Alakol Apartments» коттеджді қалашық жобасын жүзеге асыру жоспарланған.

Көрсетілетін қызметтің сапасын көтеру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гидтерге – экскурсоводтарға, орналастыру орындарының, музейлердің, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, туристік фирмалардың өкілдеріне арналған қызмет көрсету сапасын көтеру жөніндегі 18 курс пен оқыту семинарлары, сол сияқты әуежайлар, теміржол вокзалдары, шегара қызметтері мен полиция қызметкерлеріне арналған біліктілігін арттыру тренингтері ұйымдастырылып, өткізілді.

2019 жылы біліктілігін көтеру, сол қатарда цифрлық сауаттылығын арттыру курстарымен облыстағы туристік саланың 700-ден астам қызметкері қамтылды. Алматы облысында соңғы 3 жылда әлемдік онлайн-платформаға туристік локацияны жүктеу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, GoogleMaps, Yandex карталарында және «TripAdison» сайтындағы Алматы облысының микросайтында өңірдегі 8 мыңнан астам локация пайда болды. Сол сияқты облыстық туризм басқармасы мен «Wikipedia» жалпыға бірдей қолжетімді энциклопедиясы арасында меморандум жасалды. «YouTube» танымал бейнехостингінде «KZ-дағы демалыс. Жетісуға саяхат» бейнеролигі орналастырылды.

Білім мен денсаулық

2020 жылы білім саласына барлығы – 314,1 млрд. теңге қаражат, оның ішінде Мемлекеттік бағдарлама бойынша  115,9 млрд. теңге бөлінді.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбие мен білім берумен қамту – 98,4%, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 80,9%.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісі – 1163 бірлік (мемлекеттік – 183, жеке меншік – 623 бірлік). Контингент – 85632 бала, оның ішінде 54%-ы жеке МДҰ-ға барады.

Мектептердің 468 немесе 61,6%-да инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған. Балабақшалардың 167 немесе 20,8% -да ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту үшін жағдай жасалған.

Қосымша білім беру ұйымдарының саны – 40, контингенті 18 538 бала. Оқушылардың 32% жалпы білім беретін мектептердің спорт секцияларымен, оның ішінде республикалық балалар-жасөспірімдер спорт турнирлерімен (оқушылар спартакиадасы және т.б.) қамтылған.

Облыстағы жалпы мектеп саны – 775 бірлік, оның ішінде мемлекеттік білім беру ұйымы – 760 (оның 66 – бастауыш, 59 – негізгі, 635 – орта мектеп), оның 667-сі немесе 87,8% ауыл мектептері. Оқушылар контингенті – 411074. Жекеменшік мектептер саны – 15 бірлік (1,9%),  оқушылар контингенті – 2450.

Жаңартылған білім беру мазмұнына 1-10-сынып оқушылары көшірілді, ол 96,3% құрайды. Облыс бойынша 2019 – 2020 оқу жылында облыстың 574 мектебі асханамен, 85 мектебі буфетпен қамтамасыз етілді. Барлығы 365387 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілсе, оның әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасынан шыққан 41152 оқушылар 100% тегін дәрумендік ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

2019 – 2020 оқу жылында облыс бойынша мектебі жоқ 69 елді мекенде мектеп жасындағы балалар саны – 4262, оның 4253-сы (99,7%) күнделікті тасымалдаумен қамтамасыз етілген. 9 оқушы интернатқа орналастырылған. Оқушыларды 61 автобус тасымалдайды. 2020 жылы жергілікті бюджеттен 70 автобус сатып алуға  932,89 млн. теңге бөлініп, игерілді.

2019 – 2020 оқу жылында облыстың білім беру мекемелерінде 38796 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде жас мамандар саны – 1946, бұл жалпы мұғалімдер санынан 5% құрайды. Жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесі 54,4% пайызды құрайды (2019 жылға жоспар – 54%). Мұғалімдерінің 63%-і жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беруіне байланысты үстемақы (30%) алуда. Облыс бойынша ұлттық біліктілік тестін табысты тапсырған 2821 мұғалім 30%-дан 50%-ға дейін үстемақы алып отыр.

2020 жылы 32 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның 24-і жалпы білім беретін мектептер, 1 өнер мектебі, 4 студенттер жатақханасының құрылысы және 3 балабақшаға реконструкция жұмыстары жасалуда.

Үшауысымды мектептерді жою мақсатында 17 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 10500 оқушы орынын құрайтын 10 мектеп құрылысы жыл аяғына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қалған 7 мектеп 2021 жылға өтпелі. Сонымен қатар, 16 мектеп құрылысының  ЖСҚ-сы дайындалуда.

Облыс бойынша 55 білім беру нысанының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі (42 мектеп, 5 балабақша, 2 колледж, 1 УПК және 5 мектептің ауласын абаттандыру), бұл мақсатқа барлығы 23,9 млрд. теңге (РБ – 21,5 млрд. теңге, ЖБ – 2,4 млрд. теңге) қарастырылды. ЖБ есебінен (1,9 млрд. тг.) 8 нысанға, яғни, 6 мектеп,  2 балабақшаға күрделі жөндеу жұмысы жасалады, оның 4-еуі өткен жылдан өтпелі.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 10 нысанға  (8 мектеп,  1 балабақша, 1 УПК) күрделі жөндеу жасалады. Бұл мақсатқа 4,9 млрд. теңге (РБ – 4,5 млрд. теңге, ЖБ – 451, 842 млн. теңге) бөлінеді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 37 білім нысанының күрделі жөндеу жұмысына 16,9 млрд. теңге қаржы қарастырылған (2 балабақша, 28 мектеп, 2 колледж, 5 мектептің территориясын абаттандыру), сол сияқты 354 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бұл мақсатқа 1,4 млрд. теңге бөлінді (оның ішінде 348 мектептің әжетханасына ағымдағы жөндеу жүргізу).

Облыс колледждерінде 77 мамандық пен 143 кәсіп бойынша 31621 студент оқиды, оның 19386-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде, 12235-і ақылы негізінде (2840-ы сырттай бөлімінде).

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының аясында 2020-2021 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге 7253 студент қабылдау жоспарлануда, оның 1535-і «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс өткен жылмен салыстырғанда 171 адамға көбейді (7082 адам).

«Жас маман» жобасына облыстан 11 колледж енгізілген. 2020 жылы «Жас маман» жобасына енген 5 колледжге республикалық бюджеттен 1,6 млрд. теңге қарастырылды. Облыстық бюджеттен жобаны  5% көлемінде қосымша қаржыландыру мақсатында 2020 жылға 80,8 млн. теңге қаражат бөлінді.

Елбасының 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің үшінші бастамасын орындау мақсатында облыста (1718 орынға арналған 1 ЖОО және 8 колледжге 9 жатақхана салу белгіленді. Биыл 818 орынды 4 жатақхана салынуда. Оған  облыстық бюджеттен 4,4 млрд. теңге қаржы  бөлінді. 2021–2022 жылдары облыстың колледждеріне 900 орынды 5 жатақхана салу жоспарланды. Облыстық бюджеттен жатақханалар салу үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда, оған 16,0 млн. теңге бөлінді.

Облыстың білім беру жүйесіндегі цифрландыру бірнеше бағытта жүзеге асырылуда. Мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету (69,3%).
Барлық 760 мектеп интернет желісіне қосылған. 2020 – 2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылы интернеттің жылдамдығын арттыру үшін облыстық бюджеттен 522 млн. теңге бөлінді. 2019 жылы жоғары жылдамдықты интернетке 450 мектеп қосылған (59,2%).

«Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету» республикалық жобасы аясында 2020 жылы жоғары жылдамдықты интернетке 77 мектеп қосылды. Бүгінгі таңда 527 (69,3%) мектеп оптикалық-талшықты, мыс кабелі (4 Мбит/с. және одан жоғары) арқылы және 233 (30,6%) мектеп спутниктік байланыс (4 Мбит/с. және одан төмен) арқылы  қосылған.

Аудан орталықтары мен қалалардың барлық мектептері жоғары жылдамдықты (4-10 мб/с.) интернетпен 100% қамтылған. Пән кабинеттерін дербес компьютерлермен қамтамасыз ету (61,5%).

Облыстағы 760 мектептің барлығы 100% компьютерлік техникамен жабдықталған. Компьютерлердің жалпы саны – 50453, оның ішінде 39903 (79%) ауыл мектептерінде. Білім беруді ақпараттандырудың басты көрсеткіші – 1 компьютерге келетін оқушылар саны. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш – 1 компьютерге 10,7 оқушы. Ақпараттандыру бағдарламасы бойынша 2019 жылы 1639 компьютер сатып алу үшін 376,9 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда – 1802 компьютер сатып алынды.

Бүгінгі күні облыс мектептерінде 19 755 пәндік кабинет бар, оның  компьютермен жабдықталғаны – 12164 (61,5%) (2018 жыл – 57%). 2020 жылы 1155 мұғалімді компьютермен жабдықтауға 311,8 млн. теңге бөлінді. (2021 жылға жоспар 67,4%). Мектептерді Wi-Fi желісімен жабдықтау (63,5%), 483 мектеп немесе 63,5% Wi-Fi технологиясы арқылы интернетке сымсыз қатынай алады (2018 жылы – 41%). 2020 жылы жергілікті бюджеттен 156 мектепке 454 млн. теңге бөлінді. 2020 жылдың соңында Wi-Fi технологиясы негізінде Интернетке қосылған мектеп саны 639 немесе 84% болады.

«Күнделік» ақпараттық жүйесі (92,6%). ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 тамызындағы «Электрондық журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі жобасын пилоттық еңгізу туралы» бұйрығы негізінде жүйеге 371 білім беру ұйымы қосылды.

«Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне бүгінгі таңда 704 білім беру ұйымы (92,6%) қосылған. Аудан орталықтары мен қалаларда орналасқан 133 мектептің барлығы 100% жүйеге қосылған. Жүйеде 45851  мұғалім, 434036  оқушы және 341553 ата-ана тіркелген.

«BilimLand» білім беру платформасы (100%). Облыстағы барлық 760 мектеп электрондық білім беру ресурстарына онлайн режимінде қосылған. Жүйеде 36299 мұғалім, 428670 оқушылар тіркелген. «Платонус» жүйесі (83%).

2019 жылдың қыркүйегінен бастап КУИС жүйесіндегі 3 колледжді қоспағанда (Интернетке қол жетімділігі жоқ) барлық мемлекеттік колледждерде «Платонус» жүйесі енгізілді. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 52,5 млн. теңге бөлінді (34 колледж немесе 83%). Бүгінгі таңда барлық 34 колледж «Platonus білім беру процессін автоматтандыру» жүйесін пайдаланады.

ІТ орталықтар мен сыныптар (6%). Партия жұмысын жаңғырту және ұсынылған 22 жаңа жоба аясында «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағалардың желілік кестесін бекітті. 2018 жылдың 2 мамырында партияның облыстық филиалы мен Алматы облысының білім басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2018 жылы 19  ІТ сынып ашылды (18 аудандық және қалалық мектептерде, 1 – Талдықорған қаласы Оқушылар сарайы) және 2 ІТ орталығы (Талдықорған политехникалық колледжі, агротехникалық колледжі). 2019 жылы 50 IT сыныптары сатып алынды. ІТ сыныптарының жалпы саны – 69. 2019 жылдың 3-5 маусымы аралығында ІТ орталықтарында инженерия, робототехника, бағдарламалау және 3D-модельдеу бағыттары бойынша информатика мұғалімдеріне арналған STEM AcademiaBolashakEngineering бағдарламасы бойынша оқыту өткізілді. 2020 жылы 50 ІТ сыныпты жабдықтауға 476,8 млн. теңге бөлінді. 2021 жылдың басында жалпы саны 119 IT-сынып болады.

Облыста денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жалпы облыста 804 денсаулық сақтау мекемесі бар, оның 641-і  мемлекеттік, 163-і  жекемекеншік мекеме.

Облыстың медициналық мекемелерінде 4780 дәрігер және 14970 медбике жұмыс істейді. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 24,2-ні, орта медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету 74,6-ны құрайды.

Денсаулық сақтау бюджеті 2020 жылға 129,5 млрд. теңге болды. 2020 жылы жалпы сомасы 4,9 млрд. теңге болатын 15 денсаулық сақтау нысанының құрылысы және сомасы 3,5 млрд. теңге болатын 8 нысанға күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Облыстың медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 2,2 млрд. теңге бөлінді.

МЖӘ шеңберінде Іле ауданында позитронды эмиссиялық томография орталығын ашу, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана, Талдықорған қаласында орталық зертхана салу және облыстық аурухана мен Талдықорған қаласының кардиологиялық орталығы үшін 2 ангиограф сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар, медицина мамандарын тарту үшін барлық аудандар мен Талдықорған, Текелі қалаларында 126 пәтер сатып алу жоспарлануда. Бұл мақсатқа 756 млн. теңге қарастырылған.

Айта кету керек, биылғы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туу көрсеткіші 4,3%-ға артты, жалпы өлім-жітім 2,5%-ға, туберкулезден болған өлім 14,6%-ға, нәресте өлімі  2,5%-ға азайды.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыруға келетін болсақ, медициналық ұйымдарды компьютерлік техникамен қамту, интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жалғасуда.

Медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге 53 медициналық мекеме қосылды, 224 үлгі электрондық форматқа ауыстырылды, 1 997 750 адамға электрондық денсаулық паспорт жасалды, бұл халықтың 98,1%-ын құрайды. Интернет желісіне қолжетімділік облыстық, аудандық және қалалық ауруханалар 100%-ға қамтылған, аудандық деңгейден төмені 84% шамасында.

Қазіргі уақытта шалғай ауылдардағы медициналық пункттерді спутниктік байланыспен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл Интернет желісіне қосылуы аудандық деңгейден төмен медициналық ұйымдардың интернетке қолжетімділігін 100%-ға жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2020 жылғы 5 қаңтар мен 21 мамыр аралығында республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің пакеті, пациенттердің құқықтары бойынша материалдар жарияланды. Жарияланымдардың жалпы саны 350 материалды құрады (ТВ – 11, баспа басылымдарында – 70, электрондық БАҚ – 79, әлеуметтік желілер – 190). Сонымен қатар тұрғындарға кеңес беру мен кездесулер өткізіледі, барлығы 1 787 адамды қамти отырып, 60 кездесу ұйымдастырылды, оның 9-ы - PR-акция, сондай-ақ, халыққа 5688 дана баспа өнімдері таратылды.

Жалпы облыстың денсаулық сақтау нысандары МӘМС жүйесін енгізуге 100% дайын.

Еңбекпен қамту және жұмысқа орналастыру

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 18,2 млрд. теңге қарастырылып, жұмыспен қамту шараларымен 40 443 адам қамту жоспарланған.

Бүгінгі күні жұмыспен қамтудың шараларымен 11 221 адам қамтылған.

Бірінші бағыт шеңберінде 2,3 млрд. теңгеге 4040 адамды оқыту жоспарлануда, оның ішінде: 
– тегін кәсіптік-техникалық білім беруге 1,7 млрд. теңгеге (15-24 жастағы) жастар қатарынан  1535 адамды;
– қысқамерзімді кәсіптік оқытумен 578,1 млн. теңгеге орта жастағы 2505  адамды қамту жоспарланған.

Техникалық және кәсіптік білім бойынша кадрларды даярлау қыркүйек айында басталады, бүгінгі қүні  контингентті қалыптастыру жүргізілуде.

Қысқамерзімді кәсіптік оқытуға  272 адам жіберілді.

Екінші бағыт бойынша 5,7 млрд. теңгеге 5 639 адамды қамту қарастырылған. Оның ішінде 1094 қатысушыға (ауыл – 1080, қала – 14) 4,8 млрд. теңгеге шағын несие беру жоспарлануда. Қалаларда және ауылдарда микрокредиттерді кепілдендіруге 90 млн. теңге, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 10 млн.теңге бөлінді.

Жыл басынан 35 ауыл тұрғыны 139,4 млн. теңгеге шағын несие алды. Қалаларда 2019 жылға бөлінген қаражат есебінен 9 адамға 97,5 млн. теңге сомасында шағын несие берілді. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2900 адамды қамту жоспарлануда. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 804,3 млн.теңгеге 200 (АЕК) дейін 1645 грант беру көзделген. Қазіргі таңда 150 адамға 80,7 млн.теңге көлемінде грант берілді. Үшінші бағыт бойынша 10,2 млрд.теңгеге  30764 адамды қамту қарастырылған.

Бүгінгі күнге:
–  әлеуметтік жұмыс орындарына 1081 адам (жоспар 1078).
– Жастар практикасына  531 түлек (жоспар 1912).
– Қоғамдық жұмыстарға 9410 адам тартылды (жоспар 27774).

2019 жылы тұрақты жұмыс орнына 35,7 мың адам орналастырылды. 2020 жылдың 1 мамырына аталған шарамен 10,8 мың адам қамтылды. Барлығы 10,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 3,3 мың адам немесе 32,1 % құрады. Жұмыссыздықпен күресте жұмыс орындарын құру, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ықпал етудің белсенді шараларын қолдану механизмдері табысты қолданылуда.

2020 жылдың 1 мамырына жылдық жоспар 46 116 болғанына қарамастан, нақты 11 806 жұмыс орны құрылды немесе жоспар 25,6% орындалды (тұрақты – 4531, уақытша – 7275), оның ішінде: мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде – 8700, жеке бастамалар бойынша – 3106 жұмыс орны құрылды.

Тұрақты жұмыс орындарының басым бөлігі ауылшаруашылығы саласында – 980, құрылыс саласында – 1443, өнеркәсіп саласында – 110, көлік және логистика саласында – 2, сауда саласында – 416, білім беру саласында – 224, денсаулық сақтау саласында – 391, экономиканың басқа салаларында – 965 құрылды.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. Осындай шаралар қолдануды есепке алғанда статистикалық мәліметтерге сәйкес 2020 жылдың 1-тоқсанында жұмыссыздық деңгейі облыста 4,7% болды.

Шағын және орта бизнес

Алматы облысында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда, 2020 жылдың 1 сәуіріндегі мәлімет бойынша облыста ШОБ-тың 121 362 субъекісі немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,3 (2019 жылы 120 985 бірлік).

ШОБ секторында 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан 258,8 мың адам жұмыспен қамтылған, 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,7 % артық (2018 жылы – 243,2 мың адам). 2019 жылдың 12 айында өнім шығару көлемі 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7%-ке өсіп, 1 535,6 млрд.теңгені құрады (2018 жылы – 1255,8 млрд. теңге). Жыл соңына дейін күтілетін көлемі – 1573,9 млрд. теңге. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ШОБ субъектілерінің салық аударымдарының көлемі 34,0 млрд. теңге, 2019 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 1,8% артық (2019 ж. – 33,4 млрд. теңге).

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі