САЛЫҚ: АРТЫҚ ТӨЛЕМНІҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕБІ ЖӘНЕ ОНЫ ИГЕРУ ЖОЛДАРЫ

Уақыты: 13.10.2020
Оқылды: 1484
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Артық төлем - бюджетке артық төленген салық сомасы. Салықтың (ҚҚС қоспағанда), бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы - есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізілген күнгі салықтың (ҚҚС қоспағанда), бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша бюджетке төленген (өндіріп алынған) (есепке жатқызылған және қайтарылған) және есептелген, есепке жазылған (азайтылған) сомалар арасындағы оң айырмасы болып табылады.

Салықтың (ҚҚС-ты қоспағанда), төлемнің, өсімпұлдың артық (қате) төленген сомасы салықтың, төлемнің, өсімпұлдың берілген түрі бойынша есеп айырысуларын ескере отырып, талап қою мерзімі ішінде есептеледі.

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген сомасы, егер осы салық, төлем, өсімпұл бойынша есепке жатқызу және қайтару жүргізілген күні дербес шотта қалыптасқан оң сальдо алдыңғы күнтізбелік үш жыл үшін төленген сома шегінде алдыңғы үш жыл үшін төленген соманың жиынтығынан көп және тура болса, есепке жатқызуға және қайтаруға жатады.

Бұл ретте салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге өтініш берілген төлемге салық бойынша дербес шоттарды ашудың бірінші күнінен бастап өсу қорытындылары бойынша есептелген, есепке жазылған (азайтылған) төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларды есепке алудан жеке шоттың деректері бойынша жүргізіледі.

Кез-келген салық төлеушіде есептелген салықтан көбірек салық сомалары төленген жағдайлар туындап қалады. Бұл ретте есептеулердегі, декларациялардағы және төлеу кезіндегі қателіктерге байланысты немесе бір жыл ішінде аванстық төлемдер төленіп қойылған, бір жыл ішінде бұл аванстық төлемдер төлеу салығынан асып кеткен жағдайларда болуы мүмкін.

Салық кодексінің 102-бабына сәйкес бюджетке төленетін төлем салығының артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің өтінішінсіз: салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есептелген сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемелерінің есебіне; салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша берешектерді өтеу есебіне; өсімпұлды өтеу есебіне; артық төленген сома төленген салықтың белгілі бір түрі бойынша және салықтың немесе бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне жүргізіледі.

Артық төлем салық төлеушінің қандай салық салу режимінде жұмыс істейтініне қарамастан пайда болуы мүмкін. Артық төлемді салық төлеушінің кабинеті арқылы білуге болады. Артық төлемді алдағы төлемдер есебіне есептеуге немесе басқа салықтарға есепке алуды таңдауға болады, артық төлемді қайтару салық төлеушілерге салық төлеушінің кабинеті және Мемлекеттік корпорация арқылы, Егов KZ сайтында "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш беру арқылы жүзеге асады.

Бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдар салықтарының артық төленген (өндіріп алынған) сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу үшін жеке шоттарды жүргізу орны бойынша Мемлекеттік кіріс органына, ал жеке шоттар жүргізілмейтін төлемдер бойынша төлемдерді төлеу орнына "салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу" 15-қосымшасына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы "12" ақпандағы №160 бұйрығына 15-қосымша) сәйкес салықтық өтініш ұсынылады.

Кез келген артық төлем қайтарылмайды. Қайтару үшін артық төлемнің пайда болу мерзімі маңызды. Талап қою мерзімі 2020 жылдан бастап 3 жылды құрайды. Егер артық төлеу үш жылдан артық уақытта пайда болса, артық төлеу сомасы есепке жатқызылмайды және қайтарылмайды.

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Сурет - ғаламтордан