ҚАБАНБАЙДА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖӨНДЕЛІП, ЖЕТІ КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

Уақыты: 22.10.2020
Оқылды: 1082
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алакөл ауданы бойынша «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Қабанбай ауылдық Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын 7 көше қайта жасалды. Бұл туралы Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Атап айтқанда, Қабанбай ауылының Әуезов, Құсайын, Уәлиханов, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және Мұсағалиев көшелеріне орташа жөндеу жұмысы жүргізілді.

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігін атап: «Ауылдағы ең өткір проблемаларды шешуге бағытталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады. Өңірлік дамудың жаңа әдістері урбанизация процесін басқаруға, «көші-қон толқынының» кезең-кезеңімен жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге, ірі қалаларда халық санының артып әлеуметтік шиеленісті болдырмауға мүмкіндік береді», - деген болатын.

Бүгінде мәдениет ошағы мен көшелер тұрғындарға қолданысқа берілді. Бұдан бөлек, ауылдық аурухананы жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Ол қараша айында толық аяқталады деп жоспарлануда. Аталған бағдарлама жалғасын тауып, алдағы уақытта Бескөл ауылдық округінде де осындай игі істер жүзеге асырылатын болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"