ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 628 ЭСКИЗДІК ЖОБАМЕН КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

Уақыты: 04.12.2020
Оқылды: 1123
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы №257 бұйрығына сәйкес 4 (төрт) мемлекеттік қызметті көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда №11018 болып тіркелді.

1.Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру.

2.Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру.

3.Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 17 наурыздағы №137 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 сәуірде № 13610 тіркелді.

4.Талдықорған қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16.07.№318 қаулысына сәйкес облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу.

Бүгінгі күні бөліммен 2020 жылдың 11 айында мемлекеттік қызмет аясында 5319 мемлекеттік қызмет қарастырылды. Оның ішінде:

  1. "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде 3786 анықтама берілді.
  2. Мемлекеттік қызметі бойынша "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" (СЖТ) көрсетілген қызмет саны – 875.
  3. Сыртқы жарнама объектілері бойынша 30 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
  4. "Эскиздік жобаны келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде бөліммен 628 эскиздік жоба келісілді.

Бөліммен барлық мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет веб-порталы арқылы электрондық нысанда көрсетіледі www.egov.kz, www.elicense.kz порталдары арқылы жүзеге асырылады.

А.ЛЕСБЕКОВ,

Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

Сурет - ғаламтордан