"АЛМАТЫ-ШЕЛЕК-ҚОРҒАС" БАҒЫТЫНДА КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ

Уақыты: 13.12.2020
Оқылды: 1895
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше сағатқа жабылған "Алматы  - Шелек - Қорғас" халықаралық автожолы қайтадан ашылды. Бұл жайында "Жетісу" газеті хабарлады.

«Қазақавтожол» ҰК Алматы облысы бойынша филиалы және «Казахавтодор» ЖШС Алматы облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша, 2020 жылдың 12 желтоқсан күні, сағат 14:20-ден бастап «Алматы - Шелек - Қорғас» республикалық маңызы бар автожолдың 25-110 шақырым аралығы барлық автокөлік түрлері үшін ашылды.

Еске сала кетейік, кеше таңнан түскі уақытқа дейін аталған автодәліз бірнеше сағатқа жабылып, көлік қозғалысына тыйым салынған еді. Қазіргі таңда барлық бағытта жүруге рұқсат етілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"