ТҰРАҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА: ОНЛАЙН ЖИЫН

Уақыты: 15.12.2020
Оқылды: 2397
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Нұр-Сұлтан қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының онлайн-алаңында (ЮНЕП) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және ЮНЕП Орталық Азия кеңсесінің басшылық құрамы еліміздегі тұрақты мемлекеттік сатып алуды енгізу тетіктерін талқылады.

Семинар БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) басшылығымен «Шығыс Еуропада, Кавказда және Орталық Азияда инклюзивті «жасыл» экономикаға өңірлердің көшуі үшін тұрақты мемлекеттік сатып алуды нығайту» БҰҰ Даму Шотының жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Шара аясында талқыланған мәлеселер елімізде Тұрақты сатып алу (ТМС) енгшізу­ - мемлекеттік бюджет шығыстарын реттеуге, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың міндеттемесіне неғұрлым жауапты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік ашады. Сонымен бірге, рәсімдерді ашық жүргізу үшін жағдай жасауға және неғұрлым экологиялық өмір салтын қалыптастыруға жетелейтін нарықтарды трансформациялауға ықпал етеді.

Елімізде Тұрақты мемлекеттік сатып алу (ТМС) БҰҰ «жасыл» экономика бойынша іс-қимылдарға арналған серіктестік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады. Бүгінгі таңда ТМС мәртебесі мен құқықтық сараптаманың техникалық-экономикалық бағалауын іске асыру жоспарлануда. Ол үшін орнықтылық өлшемдері пилоттық тендерлер кезінде қолданылуы мүмкін өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді айқындай отырып, нарықтық әлеуетті айқындау жобасы әзірленетін болады. Мемлекеттік органдардың (Қаржы министрлігі, экономика министрлігі, Мемлекеттік статистика комитеті және басқа да бизнес, ҮЕҰ өкілдерінің) сараптамалық деңгейін арттыру бойынша да жұмыс жүргізілмек.

Тұрақты мемлекеттік сатып алудың (ТМС) шеңберінде ұйымдар тауарларға, көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға және инфрақұрылым объектілеріне өз ықпалын тигізе алады. Сондай-ақ, қоғам мен тұтастай экономика өркендеудің тиімділігін пайдалана отырып, қоршаған ортаға залал келтіретін себептерді азайтып, бүкіл әлемдік орнықтылықты кепілдендіреді. Тұрақты мемлекеттік сатып алу нәтижесінде қоршаған ортаға оң әсері тиіп, әлеуметтік мәселелер шешіледі. Демек, ТМС – «жасыл» экономикаға көшудің басты шарты.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Сурет - ғаламтордан