БИЫЛ ТАЛДЫҚОРҒАНДА 40 ЖАС МАМАНҒА КӨТЕРМЕ ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛГЕН

Уақыты: 22.12.2020
Оқылды: 896
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Талдықорған қаласының әкімдігі «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру туралы ақпарат жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

«Дипломмен ауылға» жобасы 2009 жылдан бастап республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға кредит түрінде ұсынылады.

Көтерме жәрдемақы 2009 жылдан бастап беріледі, бір маманға - 100 айлық есептік көрсеткіш (2020 жылға - 265 100 теңге, АЕК – 2651 теңге), 2020 жылғы 01 сәуірден бастап АЕК – 2778 (ҚР Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі №299 "2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" Жарлығы).

2009-2020 жылдары 143 маман 25,2 млн.теңгеге көтерме жәрдемақы алды.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында көтерме жәрдемақы 40 маманға жалпы сомасы 10,6 млн.теңгеге берілді, оның ішінде білім беру саласының 35 маманына – 4 денсаулық сақтау, 1 – агроөнеркәсіптік кешен.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша 14 маман кезекте тұр. Тұрғын үй сатып алуға жылдық 0,01%-бен кредиттер 2010 жылдан бастап 1500 АЕК (2020 жылға арналған АЕК - 2651 мың теңге, кредит мөлшері - 3 976,5 мың теңге) мөлшерінде беріледі. 2020 жылғы 01 сәуірден бастап АЕК - 2778 ("2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" ҚР Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі №299 Жарлығы).

2009-2020 жылдары 70 маман 25 250 млн.теңгеге несие алды. Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 16 маман жалпы сомасы 64,0 млн.теңгеге, оның ішінде, 14 білім беру саласының маманы 1 денсаулық сақтау, 1 агроөнеркәсіптік кешенге несие рәсімдеді. Ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша бюджеттік кредит алу кезегінде кезектілік жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан