"САЙЛАУ - 2022": КЕГЕН АУДАНЫНДА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Уақыты: 12.10.2022
Оқылды: 1837
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашаға тағайындалғаны белгілі. Кеген ауданында да сайлауға дайындық жұмыстары қолға алынған.

Аудан бойынша 34 сайлау учаскесі әрі сайлау комиссиялары бар. Оның ішінде 31-і мектеп ғимаратында, үшеуі жабық әскери бөлімнің ғимаратында орналасқан. Барлық сайлау комиссияларының құрамында 195 адам жұмыс істейді. Олардың сайлау өткізуге қатысты іс-тәжірибесі бар.  Аталған 34 сайлау учаскесінің барлығы 84 кабинамен, оның ішінде мүмкіндігі мектеулі адамдарға арналған 31 кабинамен қамтамасыз етілген.

Мұса Кенжебаев басқаратын Кеген аудандық сайлау комиссиясының құрамында барлығы 7 адам жұмыс істейді. Сайлау комиссиясының хатшысы Болат Молдабаев аудандық мәслихаттың 3-қабатындағы аудандық сайлау комиссиясының жұмыс бөлмесінде өз шаруаларымен айналысуда.

 

Қанат БІРЖАНСАЛ,
Кеген ауданы