Жетісу облысындағы 3 ауылдың атауы өзгермек

Уақыты: 14.06.2023
Оқылды: 3306
Бөлім: САЯСАТ

Жетісу облысына қарасты бірнеше ауылдың атауы өзгереді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылмы ҚазАқпарат дерегіне сүйеніп.

Мәлім болғандай, енді Панфилов ауданына қарасты келесі елді мекендердің атауы өзгереді:

- Пенжім ауылдық округі мен Пенжім ауылы – Атамекен;

- Талды ауылдық округінің Лесновка ауылы – Талды болып аталады.

Сонымен қатар, Алакөл ауданындағы мына ауылдың атауы өзгереді:

- Жыланды ауылдық округінің Әшім ауылы – Төңкеріс ауылы болып өзгереді.

«Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігі қаулысы мен Жетісу облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған бірлескен шешім-жобасында.

Құжат 26 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Фото: ашық дерекөзден