Талдықорған. Антикор түлектер кешіне ақша жинау фактілері туралы хабарлауды сұрады

Уақыты: 11.05.2023
Оқылды: 1257
Бөлім: АНТИКОР

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілдері мектепте ақша жинау фактілері туралы хабарлауды сұрады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы ҚазАқпарат дерегіне сүйеніп.

«Оқу жылының аяқталуына байланысты, білім беру мекемелерінде түлектер кешін ұйымдастыру жоспарланады. Сондай-ақ мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін ақша жинау қаупі бар. Осыған орай азаматтарға мұндай әрекеттерге бару заңмен қатаң тыйым салынғанын айта кету маңызды.ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңының 22-бабы 1-1 тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылатынын ескертеміз«, - делінген ведомство хабарламасында.

Ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақша жинау фактілері немесе басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері туралы 1424 Call-орталығына хабарлауға болады.

«Азаматтардың барлық өтініштері міндетті түрде қаралады. Барлық қажетті шаралар қабылданатын болады», - делінген ведомство мәліметінде.

Фото: ашық дереккөзден