САЛЫҚТАҒЫ ӨЗГЕРІС: ЭЛЕКТРОНДЫ ШОТ-ФАКТУРА ЖАЗЫП БЕРУДЕН БОСАТУ

Уақыты: 02.07.2021
Оқылды: 1288
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Биыл 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін электронды шот-фактура жазып беруден босату көзделген. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 18.06.2021 жылғы №588 Бұйрығымен кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендірудің жекелеген нормаларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілгені туралы хабарлайды.

Электронды шот-фактура (ЭШФ) жазып беру бөлігінде пилоттық жоба шеңберінде ағымдағы жылдың 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін 1000 АЕК асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша кәсіпкерлік субъектілері үшін ЭШФ жазып беру талап етілмейтінін қосымша хабарлаймыз (Салық кодексінің 412-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы);

Салық кодексінің 412-баптың 1-тармағының 2), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер үшін:

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер үшін;

импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер үшін;

электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модуліне келіп түскен тауарлар осындай салық төлеушілерге өткізілген жағдайда, қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер үшін:

– сатып алынған тауарды түпкілікті тұтыну мақсатында пайдаланылатын жеке тұлғаларға өткізу кезінде;

– ҚҚС төлеушілері болып табылмайтын – микрокәсіпкерлік субъектілері үшін жеке және заңды тұлғаларға өткізу кезінде шот-фактура жазып беру талап етілмейді.

Бұл ретте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы шот-фактура жазып беруді талап еткен жағдайда, жеткізуші осындай талапты орындауға міндетті.

Бұдан бөлек, Бұйрықпен бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану бөлігінде пилоттық жобаны іске асыру тәртібі қарастырылған. Осылайша, 2021 жылғы 31 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынған және 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдайы бойынша режимді қолдану шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер үшін бөлшек салықтың АСР-ін қолданудың басталу күні 2021 жылғы 1 наурыз болып табылады.

 

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер
департаментінің баспасөз қызметі