ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ШЕТЕЛ АЗАМАТЫН КӨЛІК ҚАҒЫП КЕТТІ - ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 11.05.2022
Оқылды: 1655
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қарасай ауданының «Асыл арман» тұрғын үй кешеніне қарсы бетте "Toyota Caldina" көлігінің жүргізушісі түрік азаматын қағып кетті.

Ер адам ауруханаға жеткізілді. "Алматы – Бішкек" тас жолының 19-ншы шақырымында "Toyota Caldina" көлігінің 39 жастағы жүргізушісі 52 жастағы Түркия азаматын қағып кетіп, жәбірленуші оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді. Дәрігердің қарауынан кейін ол үйіне жіберілді", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізушіге қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген заңбұзушылығы) қарастырылған іс қозғалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"