"Ұрлық немесе алаяқтық ": Қазақстанда заңсыз несие алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік алынғалы жатқаны рас па?

Уақыты: 25.04.2024
Оқылды: 312
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстанда бұдан былай заңсыз несие алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылу мәселесі алынып тасталуы мүмкін.

Бұл туралы Мәжілісте өткен экономикалық құқықбұзушылықты қылмыссыздандыру туралы заң жобасына енгізілген түзетулер таныстырылымында айтылды. 

– Бұл – қылмыстық кодекстің 219-бабы “Несиені заңсыз алу немесе бюджеттік несиені мақсатсыз пайдалану”. Бапты қылмыстан айырып, 189 немесе 190-баптар бойынша квалификациялау мүмкін. Сонда ол ұрлық немесе алаяқтық болып саналады. Осыған ұқсас әрекет үшін жауаптылық 233-бапта көзделген. Бұл – заңнаманы бұза отырып, қарыз алу немесе пайдалану”, – деді парламент мәжілісінің депутат Абзал Құспан. 

Фото: minfin.com.ua-ден алынды