Көлікпен қашқан аудандық сот төрағасына қатысты жаңа мәлімет шықты

Уақыты: 29.05.2023
Оқылды: 839
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Кербұлақ аудандық сот төрағасының көлікпен қашқан бейнежазбасына қатысты ресми жауап берілді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Осыған дейін сайтымызда аталмыш оқиғаға қатысты материал жариялағанбыз. Онда Кербұлақ аудандық сот төрағасының мемлекеттік нөмірсіз жүргені жазылған. Видео авторының айтуынша, Кербұлақ аудандық сотының төрағасы (Марат Жукенов - ред.) мемлекеттік нөмірсіз жолға шыққан. Мән-жайды сұрау мақсатында жанына барғанында, сот мырза қашып кеткен.

Бізде өз тарапымыздан оқиғаға бей-жай қарамай, тиісті органға сұрау жолдадық. Алған жауабымыз төмендегідей:

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі: "Осы фактіні тексеру және шешім қабылдау үшін Судьялық әдеп жөніндегі комиссияға берілді", - деп мәлімдеді.

Сурет бейнежазбадан алынды