Жетісуда ақша жымқырған полиция қызметкері қамалды

Уақыты: 12.02.2024
Оқылды: 345
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Күдікті ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Жетісу облысының полиция департаменті жеке құраммен олардың тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін анықтау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді.

Іс-шараны өткізу барысында полиция қызметкерінің әріптесінен қаражатты жымқырғанын өз күшімізбен анықтадық. Күдікті ішкі істер органдарынан шығарылып, қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды, - деді  Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығының орынбасары Руслан Чарапиев.

Фото: Жетісу облысы ПД