Талдықорған көшелеріндегі заңсыздық: Land Cruiser жүргізушісі Алматыдан табылды

Уақыты: 15.02.2024
Оқылды: 414
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Полиция Талдықорған көшелерінде жарысып, жол ережесін өрескел бұзған құқық бұзушылардың бірін анықтады, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол ақ түсті Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі болып шықты.

"Талдықорған полицейлері құқық бұзушыны анықтады, ол Алматы тұрғыны болып шықты. Көлік жүргізушісі төтенше жағдай туғызғаны, мемлекеттік нөмірсіз көлік құралын жүргізгені және қарсы жолға шыққаны үшін жауапкершілікке тартылды", - делінген Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Полиция мәліметінше, ақ түсті Land Cruiser жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткені үшін алты айға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Мұны сот шешеді.

Бұл ретте, полицейлер мәліметінше, қара түсті жол талғамайтын Lexus көлігінің жүргізушісін анықтау мүмкін болмаған.

Фото: видеодан алынған кадр