Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

АККУМУЛЯТОР ҰРЛАҒАН ЖІГІТ ҮШ САҒАТТЫҢ ІШІНДЕ ҚЫЛМЫСЫН МОЙЫНДАДЫ

Уақыты: 23.01.2021
Оқылды: 484
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алакөл ауданында аккумулятор ұрлаған күдікті үш сағат ішінде анықталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

20 қаңтар күні кешке Алакөл ауданының полициясына телефон шалған тұрғын Бескөл ауылының шетіндегі металл қабылдау орнынан аккумулятордың ұрланғанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер қылмысты жедел ашып, мән-жайды анықтады.

- Металл қабылдау орнында жұмыс жасайтын 26 жастағы жігіт қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұлтартпас айғақтардан кейін ол қылмысын мойындап, арнайы техниканың аккумуляторын ұрлап, танысына сатып жібергенін мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Алакөл ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қуат Оспанов.

Қылмыстың мән-жайын анықтау үшін тәртіп сақшыларына небәрі 3 сағат кетті. Олар күдікті сатқан аккумуляторды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бары тексерілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"