ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 243 АДАМ АУЫР ХӘЛДЕ ЖАТЫР

Уақыты: 03.03.2021
Оқылды: 863
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша 3 наурыздағы мәліметті жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Қазіргі таңда елімізде 19 304 адам короновирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 4 340 пациент стационарда, 14 964 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Ковид жұқтырғандардың арасында 243 адамның жағдайы ауыр, 42 пациенттің жағдайы өте ауыр, 47 науқасқа өкпені жасанды желдету аппараты қосылған.

Жалпы, Қазақстан бойынша қауіпті індетті жұқтырғандар саны 215 мыңға жуықтады. Оның ішінде, 198 726 адам емделіп шыққан. Сондай-ақ, соңғы тәулікте екі өлім жағдайы тіркелді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"