Шөлмек мың күнде сынбас...
– Жұмыс істеуге шамам жоқ. Жер қазып, тас қопарып жатпасам да діңкем құриды да тұрады. Біреу ұрып тастағандай таңертең төсектен әрең көтерілем. Миым ақпарат қабылдамайды. Басым ауырып, төбем шымырлап кетеді. Кейде шағын анықтама жазу үшін бір тәулік аздық етеді. Мәтіннің соңына жеткенше алдыңғы сөйлемді ұмытып қалатын күйге түстім, – деп шағымданды Айгүл қасындағы әріптесіне. Әріптесі де дәл осындай жағдайды бастан өткеріп жүргендін айтты.
Ағзаның мұндай зорығуын, дәлірек айтсақ көтеремге шалдығуын дәрігерлер «Созылмалы шаршау» сырқаты деп атайды. Аты айтып тұрғандай, кесел ұзақ уақыт демалмай, күн мен түнді алмастырып жұмыс істегеннен және шамадан тыс артық күш жұмсағаннан туындайды. Сырқат негізінен кеңсе қызметкерлеріне тән. Үнемі ой үстінде жүру – сананы сансыратады. Адамды тән емес жан басқаратынын ұмытпаумыз керек. Біз адамның өмір сүруі тамақ пен ауаға байланысты деп ойлаймыз. Жоқ керісінше, ас талғау мен тыныстау сана күшіне бағынышты.
Жүйке, яғни ми жасушаларының жұмысы – өмірдің қайнар бұлағы. Жұмыстан қысқарып қалмайын деген үрей мен бастықтың қоқан-лоқысына шексіз шыдамдылық таныту да жүйкенің күшін азайтады. Ал жүйкесі шаршаған адам еш қиындыққа, сынаққа шыдамайды. Қазақтың: «Шөлмек мың күнде сынбайды, бір күнде сынады» деген мақалы осыған сай. Жақында ғаламторда адамзатты селт еткізер дәйек жарияланды. Онда Жапон елінің тұрғындары жұмыстан зорығып қайтыс болып жатқандығы жайлы дерек келтіріліпті. Соған байланысты күншығыс елінде жұмыс сағатын азайту мәселесі қаралуда. Медицина мамандары «Созылмалы шаршаудың» біздің тұрғындарға да қауіп туғызып тұрғанын айтып, дабыл қағуда.
Заман кеселі – адамдардың әртүрлі қауіпті сырқатқа ерте шалдығуына да негіз болуда. Шаршаудың салдарынан ағзада қан қысымының тұрақсыздығы жиілейді. Қысымның күрт жоғарылап кетуінен қан тамырлары жарылып, салдарында адам инсульт алады. Инсульт – кемтарлыққа бастайды. «Созылмалы шаршау» нақтамасы жастар арасында да жиі кездесуде. Оны денсаулық сақшылары телефон мен компьютерге тәуелділіктің кесірі деп тапқан. Тіпті, түнімен ұйқы көрмейтіндер де бар екен. Осының бәрі адамның күш-қуатын сарқылтып, жанның тәнді басқара алмауына апарып соғуда. Жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсау аталмыш сырқаттың салдары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, 100 мың адамға шаққанда әлемдегі ең көп суицидтік жағдай бойынша бірінші орында – Латвия, екінші орында – Венгрия, үшінші орында Қазақстан. Кейбір сайттар жастардың санасын улаумен шұғылданады. Кері қылықтарға бейімдейді. Тура жолдан тайдыратын уағыз айтып, шаршатады.
Невропатолог-дәрігер Айгүл Таугөзова жүйкенің жұқаруы ойдың салдары екенін ескертеді.
Ми дұрыс тапсырма бермесе ауқаттану да, тыныстау да бұзылады. Тіпті адамның моторы саналатын жүректің өзі жүйкеге салмақ түссе ырғағын бұзады. Содан барып, тахикардия, стенокардия кеселі пайда болады,– дейді дәрігер.
Мақаланың басында «Созылмалы шаршау» кеселі негізінен кеңсе қызметкерлеріне тән деп айтып едік. Бірақ, бұл сырқат дене еңбегімен шұғылданушыларда да кездесетініне тақырыпты зерттеу барысында көз жеткіздік. Ескелді аудандық ауруханасында «Созылмалы шаршау» сырқатына шалдыққан Қ. деген адаммен тілдесудің сәті түсті.
Дәрігерлердің айтуынша, Қ. ұзақ уақыт емделуі қажет. Біраз уақытқа дейін көлікке жақындамағаны дұрыс. Бірақ, тәнінің сергіп, ағзада оттегінің дұрыс тасымалдануына мүмкіншілік жасап, уақытымен ұйықтаса барлығы орнына келеді екен. Міне, бұл бір ғана мысал. Аталмыш сырқаттың соңы жүйке ауруына, тіпті суицидке апарып соғуы да мүмкін. Сондықтан әр күніңе, әр ісіңе есеп беріп, шаманы сарқа пайдаланудан сақтанған дұрыс. «Созылмалы шаршауды» сырқатын емдеудің жолы – тәнді дамылдату. Жаратқан берген ырыздықты місе тұтып, тоғышарланбау. Хакім Абайдың: « Егер ісім өнсін десең ретін тап» деген сөзін жадымызға түйейік. Сабыр мазасыздықтан арылтады. Ашығу да дерттен арылудың таптырмас жолы. Тән демалса ағзадағы кем-кетікті өзі емдеп алады. Рух пен тәннің саулығын астастыру арқылы жүйкеге жойқын күш беруге болады.
Сырқаттың алдын алу жолдары:
. Жұмыста әр 5 минут сайын үзіліс жасау;
Гүлжан Тұрсын