Оқи отырыңыз
Қазақстанда мектеп оқушылары коронавирус қаупіне байланысты уақытынан бұрын демалысқа шығады. Бұл жайында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов журналистермен өткен баспасөз мәслихатында айтты.
- 2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады. 16 наурыздан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту түріне көшеді, - деді вице-Премьер. Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте коронавирусқа байланысты Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар, қауіпті індеттен сақтану жолдары, әуе рейстерін қысқарту, жиындарға тыйым салу мәселелері айтылды.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"
Сурет ғаламтордан алынды