Күрес: Алтын, күміс, қола бар

Уақыты: 04.06.2023
Оқылды: 1113

Қырғызстан астанасы Бішкекте күрестен Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаев атындағы рейтингтік турнир өтуде. Ел балуандары жарыстың бірінші күні 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль алды. 

Грек-рим күресінен 55 кг дейінгі салмақта VI жазғы спартакиаданың жеңімпазы Марлан Мұқашев финалда өзбекстандық Ихтиор Ботировты ұтып (4-2), жеңімпаз атанды. Осы салмақта қола медаль үшін таласта тағы бір отандасымыз Ерсін Абыйыр үндістандық балуаннан жеңілді. Ал Аманғали Бекболатов тағы бір өзбекстандық Жасурбек Ортикбоевтан айласын асырып, қолаға қол жеткізді.

Осыдан кейін Нұрсұлтан Базарбаев (60 кг) финалда өзбекстандық Исломжон Бахрамовтан ұтылып, турнирдің күміс жүлдесіне ие болды. Ал Ернар Фидахметов жарыс қожайыны Балбай Дордоковты жеңіп, қоланы қанағат тұтты. Өкінішке қарай, 87 кг дейінгі салмақта Нұрсұлтан Тұрсынов қола медаль алса, Азамат Құстыбаев түркиялық Әли Чингизге есе жіберді. 

Шамкен БАЙЫРБЕК