ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ІРІКТЕУ ОЙЫНЫ. ӨЗ АЛАҢЫМЫЗДА ТЕҢ ТҮСТІК

Уақыты: 12.07.2023
Оқылды: 862

 «Астана Аренада» «Астана» УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңін «Динамо Тбилисиге» (Грузия) қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті.


Ойынның 11-минутында шабуылшы Абат Айымбетов қапталдан Ян Вороговскийдің асырған пасын өз пайдасына шешті. «Астана» ойыншылары қарсыластарын қысымға көп алғанымен, бір голдан кейін нәтиже шығара алмады.

Екінші таймда «Динамо» ойыншысы Габриел Сигуа есепті теңестіріп кетті.  Жеңісті жұлып алу мақсатында елордалықтарға сәттілік жетіспеді.  Таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Екі команда арасындағы қарымта кездесу 19 шілдеге белгіленген.

 Telegram желісіндегі парақшамызға тіркеле кетіңіз!