ҚПЛ. «ЖЕТІСУДЫҢ» СЫРТ АЛАҢДАҒЫ ЖЕҢІСІ (+ВИДЕО)

Уақыты: 17.07.2023
Оқылды: 574

Футболдан ел біріншілігіні 15-турында «Жетісу» Ақтауда болған ойында жергілікті «касапидйі» 2:1 есебімен жеңді.


Әуелі ойынның 34-минутында «Каспий» ойыншысы Дархан Бердібек есеп ашқан. Ал жетісулықтардың жауабы екінші таймда болды. Былтыр «Жетісуда» ойнап, биыл жыл басында «Оқжатпеске» ауысып, одан қайта келген украин Иван Брикнер есепті теңестірді. Кездесудің ортасында қосалқы құрамнан қосылған серб Никола Цуцкич 79-минутта есепті еселеді. Бұл былтыр «Каспий» сапында ойнаған Цуцкичтің «Жетісу» сапындағы алғашқы голы.   

«Жетісу» келесі кездесуін 22 шілде күні Талдықорғандағы орталық алаңда «Ақсуға» (Павлодар облысы) қарсы өткізеді.