Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстанға Эрлинг Холанд келеді

Уақыты: 09.02.2024
Оқылды: 531

Франция астанасы Париж қаласында футболдан 2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды.

Жеребе тарту рәсімінен бұрын ел құрамасы төртінші себетке орналастырылды. Бұл себетте Грузия, Түркия, Люксембург құрамалары болды.

Нәтижесінде ел құрамасы В лигасында үшінші топқа түсті. Қарсыластары — Австрия,

Норвегия, Словения, Қазақстан.

Ұлттар лигасының жаңа маусымы қыркүйекте басталады. Қазақстандық футболшылар В лигасында өнер көрсетеді.

А лигасы
Бірінші топ: Хорватия, Португалия, Польша, Шотландия.
Екінші топ: Италия, Бельгия, Франция, Израиль.
Үшінші топ: Нидерланд, Венгрия, Германия, Босния және Герцеговина.
Төртінші топ: Испания, Дания, Швейцария, Сербия.

В лигасы
Бірінші топ: Чехия, Украина, Албания, Грузия.
Екінші топ: Англия, Финляндия, Ирландия, Греция.
Үшінші топ: Австрия, Норвегия, Словения, Қазақстан.
Төртінші топ: Уэльс, Исландия, Черногория, Түркия.

С лигасы
Бірінші топ: Әзербайжан, Швеция, Словакия, Эстония
Екінші топ: Румыния, Косово, Кипр, Литва/Гибралтар
Үшінші топ: Люксембург, Болгария, Солтүстік Ирландия, Беларусь
Төртінші топ: Армения, Фареры, Солтүстік Македония, Латвия

D лигасы
Бірінші топ: Литва/Гибралтар, Сан-Марино, Лихтенштейн.
Екінші топ: Молдова, Мальта, Андорра.

Топтық кезең ойындары 5 қыркүйек пен 19 қараша аралығында өткізіледі.

Фото: uefa.com