ФАВОРИТТЕРМЕН ТЕҢ ОЙНАДЫ

Уақыты: 12.02.2024
Оқылды: 377

«Жетісу» футзал клубы ел біріншілігінің 23-24 тур ойындарын Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында чемпионаттағы фавориттердің бірі Абай облысынан келген «Семеймен» өткізді. Кездесудің бірінші күні тең түсіп, екінші күні жеңілді.


Талдықорғанға дейін «Семей» чемпионаттағы 10 ойынды қатарынан жеңген болатын. «Жетісумен» болған алғашқы ойында 2:2 есебімен тең түсті. Талдықорғандық командадан көзге түскендер ­– Филипиньо мен Мади Саматұлы. Ал екінші күні де «Жетісу» барын салды, допты ұстау, тактикалық тұрғыдағы ұтқырлық жағынан басым болғанымен шабуылды түйіндеуге келгенде қателіктерге жол берді. Екінші күнгі есеп ­– 2:4. «Жетісулықтардан» гол салғандар ­– Филипиньо мен Кадиньо.  

«Жетісу» келесі кездесуін 17-18 ақпанда елордада «Астанаға» қарсы өткізеді.

Фото: Серік ҚАНТАЙ