ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ

Уақыты: 17.02.2024
Оқылды: 431

Байшегір ауылында Абай атындағы орта мектепте волейболдан жарыс өтті. Бәсеке Ауған соғысының ардагері, ұстаз, мектеп директоры Мұрат Қалиевтің жүлдесіне арналды. 


Жарысқа Үштөбе қаласы, Байшегір, Көпбірлік ауылдарының командалары қатысып, жарыстың көрігін қыздырды. Саламатты өмір салтын насихаттап, ауыл жастарын дене шынықтыруға тартып, бұқаралық спортқа белсене атсалысқан жастар додаға жоғары дайындықпен келгендерін байқатты. 

Бір күнді дүбірлі додаға арнаған жастар арасындағы бәсеке өте тартысты өтті. Шеберлігі шыңдалған ауыл жастары да Үштөбе қаласынан келген командаға айтарлықтай қарсылық танытты. Сонымен ұстаз құрметіне арналған жарыстың бас бәйгесін Үштөбе қаласының командасы қанжығасына байласа, 2-орынға Тастөбе ауылының «Бірлік» командасы қол жеткізді. Үздік үштікті Бәйшегір ауылының құрама командасы құрады. Жеңімпаздарға арнайы Диплом, кубок және ақшалай сыйлық табыс етілді.

Самат ҚАЛИАСҚАРҰЛЫ,
Абай орта мектебінің дене шынықтыру 
пәнінің мұғалімі
Қаратал ауданы