Депутаттар арасында спартакиада өтті

Уақыты: 21.02.2024
Оқылды: 353

Бүгін ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл  толуына орай барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары арасында спартакиада ұйымдастырылды. 

Депутаттар төрт спорт түрінен өзара сайысқа түсіп, кіл мықтылар анықталды. 

Халық қалаулылары өздерінің жауапты қызметтен бөлек спортта да мықты екендіктерін дәлелдей білді.  Осыған дейін жиған шеберліктері мен қабілеттерін паш етіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Жарыс нәтижесі бойынша: Жетісу облыстық мәслихаты төрт спорт түрінен де белсенділік танытып, жүлделі бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Ақсу аудандық мәслихаты иеленсе, үшінші орынды  Кербұлақ аудандық мәслихаты иеленді. Жарысқа қатысушы басқа командалар арнайы Алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 

"Жетісу-Ақпарат"