ТАЛДЫҚОРҒАНДА СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАҒА АРНАЛҒАН КЕШЕН САЛЫНАДЫ

Уақыты: 21.02.2024
Оқылды: 362

Талдықорғанда спорттық және көркем гимнастикаға арналған спорт кешені салынады. Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Рүстем Бершімбеков мәлім етті.


Оның сөзінше қаламызда бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірнеше тың жоба қолға алынып, бүгінде жұмыстары басталып жалғасуда. Атап айтқанда, орталық стадионды қайта жаңарту және волейболға арналған оқу-жаттығу спорт кешені, сонымен қатар, «Жетісу» волейбол клубы үшін 4 қабатты жатақхана және үстел теннисі орталығы салынбақ.

Бұдан бөлек, биылғы жылы көркем және спорттық гимнастикаға арналған спорт кешені және баскетбол мен волейболға арналған спорт кешені де салынбақ. Осылайша Жетісу өңірінің әр ауданынан келетін спортшылар үшін жаттығуға мол мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, қала спортшылары жыл басынан бері түрлі додаларда 50-ден аса медаль жеңіп алған.

Фото: halyq-uni.kz