Омарташылар ой бөлісті

Уақыты: 21.06.2016
Оқылды: 1532
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Сарқан ауданында ауылшаруашылығының қосымша бағыты ретінде ара шаруашылығы да даму үстінде. Бүгінгі таңда аудан бойынша 33 шаруа қожалығы осынау күрделі де тиімді саланы дөң­ге­лентіп келеді. Жуырда Тополевка ауылындағы «Пи­тенко» шаруа қожалығында «Сарқан ауданындағы ара шаруашылығын одан әрі дамытудың жағдайы» тақырыбында  семинар-кеңес болып өтті. Аудан әкімі Ерғазы Қошанбековтың төрағалығымен өткен  кеңеске осы саламен айналысатын округтердің әкімдері, шаруа қожалықтары, жеке омарташылар, тиісті мекеме басшылары қатысты.

Алдымен семинар-кеңеске қатысушылар ара шар­уа­шы­лы­ғын дамытуда жетіс­тік­тер­ге жетіп келе жатқан «Пи­тен­ко» шаруа қожалығының тә­жі­рибесімен жете танысты. Осы саламен ұзақ жыл ай­на­лысып, Ресейден  омарташы ма­мандығын сырттай оқып ал­ған Владимир Питенко әріп­тестерін өзі пайдаланып жүр­ген ұяшықтармен, омар­тамен, Еуропадан шы­ға­ры­лып, осы шаруашылықта құ­рас­тырылатын бал айдайтын құ­рылғымен таныстырды. Ара тұқымын асылдандыру ба­ғытындағы тәжірибесін ор­та­ға салып, селекция жүргізу арқылы аналық арадан тұқым алып, сапалы  жәндіктерді кө­бейту үшін қолданылатын ап­параттардың жұмысымен та­ныс­тырды. 

Келесі кезекте аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы Дархан Бек­бо­сы­нов сөз алып,  ара шар­уа­шы­лы­ғымен айналысудың жөн-жо­басы мен  омарташыларды қол­дау бағытындағы суб­си­дия­лаудың тәртібімен та­ныс­тырды. Аудандық вете­ри­на­рия бөлімінің басшысы Ғазиз Ес­жанов, аудандық кәсіп­кер­лік бө­лімінің басшысы Тоғжан Иб­­­раева, аудандық жұмыспен қамту орталығының дирек­то­ры Талғат Рыскелдин, аудан­дық кәсіпкерлер палатасының ди­ректоры Фархат Абд­ра­хи­мов, Қойлық ауылындағы қо­жа­лық жетекшісі Николай Ер­маков өз салалары бойынша атқарылған жұмыстарды және алдағы міндеттерді, ара шар­уашылығын дамыту бойынша ұсыныстарын  жиналғандар назарына ұсынды. «Питенко» шаруа қожалығының басшысы Владимир Анатольевич ке­ңес­ке қатысушылардың көкей­кес­ті сауалдарына жауап берді.  Ал облыстық ауыл­шар­уа­шы­лы­ғы басқармасы мал шар­уа­шылығы бөлімінің басшысы Серікбай Ерназаров Сарқан ауданының, атап айтқанда «Пи­тенко» шаруа қожа­лы­ғының ара шаруашылығын дамытудағы жетістіктерін, бұл саланы қаржылай қолдау те­тік­терінің мемлекет тарапынан қарастырылғанын атап өтіп, алқалы басқосудың алдағы уа­қытта облыстың деңгейде өте­тінін  жеткізді.

Соңында аудан бойынша ара шаруашылығы қоғамын құру туралы мәселе тал­қы­ла­нып, аудандық қоғамның тө­ра­ғалығына Фарид Саликов бір­ауыз­дан сайланды. Аудан әкімі Ерғазы Қошанбекұлы ауданның экономикалық-әлеу­меттік дамуына қомақты  үлес қосып жүрген Вла­ди­мир Питенко, Фарид Са­ли­ков, Тәттіғали Садыбаев, Михаил Телош сынды  омар­ташыларды Алғыс хатпен марапаттап, алдағы жұ­мыс­та­рына сәттілік тіледі.

Жомарт ИГІМАН.

Сарқан ауданы.