ЕЛДІҢ ҮНІ

Уақыты: 28.06.2016
Оқылды: 1385
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Тың дүние тудырады ойланып,

Қиял кезіп беріледі ойға нық.

Ел басына күн туғанда көмекке,

Ұмтылады бес қаруын сайланып.

Орақ тілді, от ауызды, кіл шешен,

Осылайша қасиетке бай халық.

 

Шындық іздеп өтірікке көнбейді,

Өз көзімен көрмегенге сенбейді.

Бірақ ісін жұрт түсіне бермейді,

Түсінсе де дұрыс көңіл бөлмейді.

Бір адам бар бар бақытым ел дейді,

Жараланған рухыңды емдейді.

 

Адалдықпен тауып жейді нәсібін,

Маржан сөздің тере біліп асылын.

Таңбалауда тарихына ғасырын,

Зор құрметпен сүйе жүріп кәсібін.

Бір адам бар қамқорлыққа асығар,

Олар үшін халық сөзі бас ұғым.

 

Құлағы сақ, көзі өткір, сөзі нық,

Елден бұрын білер бәрін сезініп.

Жамандықтан бір-ақ сәтте безініп,

Жүрер дәйім жақсылыққа кезігіп.

Бір адам бар өкінбейтін кетсе де,

Қалам ұстап, шындық үшін көз іліп.

 

Тілінен төгілмейді түршігер мұң,

Ақиқатын ақтарып шыншыл елдің.

Дімкәсін дүниенің емдейтұғын,

Құлақ салып үніне тың сүреннің

Елдің үні, құлағы, көзі болған,

Еңбегі орасан зор тілшілердің.

                                               Құралбек СӘБИТОВ.