"РЕФЕРЕНДУМ-2022": ӘРКІМНІҢ ДАУСЫ МАҢЫЗДЫ

Уақыты: 05.06.2022
Оқылды: 758
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорған қаласындағы К. Ушинский атындағы орта мектепте №1000 сайлау учаскесі орналасқан. Жалпыхалықтық референдумда дауыс беру үшін аталған учаскеге таңмен таласып сайлаушылар ағылып келуде. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Талдықорған қаласының тұрғындары референдумға үлкен белсеніділікпен қатысуда. Алғашқы болып дауыс берушілердің бірі - әскери қызметкер Алмас Оңалбек референдумда әркімнің даусы маңызды екенін айтты.
- Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей жұмылуымыз керек. Әр адам қабылдаған шешім біздің мемлекетіміздің одан әрі дамуына әсер етеді. Өзгеріс болатынына, халықтың жағдайы жақсарады деп сенеміз, - деді ол.

Айта кетейік, №1000 сайлау учаскесінде жалпы 2642 сайлаушы бар. Оның тоғызы - 18 жаста. Яғни, бірінші рет дауыс беретіндер. Аталған учаске бойынша 10 адам үйден дауыс беруге өтініш берген. Сайлау учаскесінің қызметкерлері үйден дауыс беремін деген жандарға арнайы барып, өз таңдауын жасауға мүмкіндік тудырды.

Айдар ҚАЛИЕВ,
Талдықорған қаласы
Алматы облысы