РЕФЕРЕНДУМ-2022: СЕКСЕНДЕГІ АРДАГЕРЛЕРДІҢ СЕНІМІ ЗОР

Уақыты: 05.06.2022
Оқылды: 758
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Еңбекші ауылының ақ самайлы қарттары да бүгінгі ел тағдыры үшін аса маңызды шараны асыға күткен еді.


Қазақ елінің, ұрпағынының келешегі жарқын, тілі төрге шыққан,  әлеуметтік ахуалы жақсарған, бай-қуатты болуына тілекші 80-нің сеңгіріне шыққан Наталья Шкунова, Сапарғазы Сұлтанғазин ата, апалар бастаған ауыл тұрғындары таңғы 7-ден өз референдум учаскелеріне келіп, алғашқылардың бірі болып, өз таңдауларын жасады. 
- Асарымды асап, жасарымды жасадым" деп қарап жата алмаймын. Мен үшін халқымның тыныштығы, береке-бірлігі қымбат. Жаңа Қазақстанымыздың жаңа дәуірі жарқын болсын, - дейді Сұлтанғазин ата.
Аса маңызды саяси шараға талғарлық тұрғындар жұмыла  атсалысуда.

Ұлбосын ИСАБЕК,
Алматы облысы