"РЕФЕРЕНДУМ-2022": ДАУЫС БЕРІП, БОРЫШЫМДЫ АТҚАРДЫМ

Уақыты: 05.06.2022
Оқылды: 714
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Конституциялық референдум тұтас мемлекеттің, бүкіл ұлтымыздың болашағына әсер ететін, жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды күн.

Қоғам арасында күрмеуі шешілмей жатқан күрделі мәселелер көбейіп кетті. Сол себепті Президент сөзден іске көшіп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға қоя отырып, заң алдында бәрі тең болсын деп, келешек үшін өте маңызды қадам жасады деп санаймын. Ал, адам өзінің заңда көрсетілген құқықтарын қалай пайдаланады, ол оның ынтасы мен белсенділігіне тікелей байланысты. Мен осы елдің патриот азаматы ретінде қатты қуандым. 
Халық өзгерісті күтіп отыр. Бүгінгі Референдум -осы өзгеріс пен жаңашылдықтың бастамасы деп білемін. Сол себепті, Мен бүгін дауыс беріп, өз борышымды атқардым. Себебі референдум - бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына да тікелей әсер ететін маңызды сәт.

                                                                                                          Гүлнар   ТОЙЛЫБАЕВА, 
                                                «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы