ТАРИФТЕР БЕКІТІЛДІ

Уақыты: 01.07.2022
Оқылды: 1188
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Алматы облысында 2022 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 24,4 млн. теңгеге төмендетілген тарифтер бекітілді.

Табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес, табиғи монополиялар субъектісі жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі 1 мамырдан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есеп беруге міндетті. Сонымен қатар, тарифтерді қалыптастыру қағидасы бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы субъектінің есебі уәкілетті органның ведомствосына келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде жүргізіледі.
Бүгінгі күні есептерді қарау нәтижесінде 8 табиғи  монополия субъектісі міндеттемені орындамағаны анықталды. Оның ішінде «Талдықорғанжылусервис» КМК және басқалары да бар. Нәтижесінде, облыста жылу және сумен жабдықтау, су бұру және кірме жолдарды ұсыну бойынша жалпы сомасы шамамен 24,4 млн. теңгеге уақытша өтемдік тариф бекітілді. Қызметтер бөлінісіне қарай тарифтер жылумен жабдықтауда 48,3, сумен жабдықтауда 40,3, су бұруда 11,4 пайыз төмендетілді. Сонымен қатар, департамент монополист-субъектісінің есебін талдау бөлігіндегі жұмысты жалғастырып жатқанын атап өткен жөн. Ол жайлы қосымша хабарлаймыз.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі  Табиғи монополияларды реттеу
комитетінің  Алматы облысы 
бойынша департаменті