ӘСКЕРГЕ КІМДЕР ШАҚЫРЫЛАДЫ?

Уақыты: 30.06.2022
Оқылды: 1149
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстан Республикасын қорғау – әр азаматтың  парызы мен міндеті. 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес, 18-27 жас аралығындағы барлық жас жігіттер әскерге шақырылады. Дегенмен әскерден уақытша және тұрақты негізде босатылатын жағдайлар бар.
Елдегі әскери қызмет бірнеше бағытқа бөлінеді:
• мерзімді әскери қызмет (18-27 жас аралығындағы ер адамдар үшін 12 ай мерзімге);
• запастағы офицерлер қызметі (29 жасқа дейінгі жігіттер үшін 24 ай мерзімге);
• келісімшарт бойынша әскери қызмет (келісімшартта көрсетілген мерзімге сәйкес);
• әскери жиындар (әскери міндеттілер үшін 2 аптадан үш айға дейінгі мерзімде).
Әскерге шақыру жылына 2 рет жүзеге асырылады: сәуірден маусымға дейін және қазаннан желтоқсанға дейін.

Кімдер жарамсыз саналады?

Бейбіт уақытта әскери шақырудан денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар босатылуы мүмкін.

Медициналық куәландыру нәтижесінде дәрігер маман мынадай белгілер бойынша азаматтардың жарамдылық санаттары туралы қорытынды шығарады:
• «А» – әскери қызметке жарамды;
• «Б» – кішігірім шектеулермен әскери қызметке жарамды;
• «В» – әскери қызметке шектеулі жарамды (келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлеріне қатысты);
• «Г» – әскери қызметке уақытша жарамсыз;
• «Д» – бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;
• «Е» – әскери есептен басқа әскери қызметке жарамды емес.
• 27 жасқа толғандар;
• туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе І немесе ІІ топтағы мүгедек болып қалғандар;
• басқа мемлекетте әскери  (балама) қызметті өткерген;
• оқу туралы растау құжаттарын ұсынуда доктор ғылыми дәрежесі барлар;
• діни бірлестіктерде тіркелген дін жолындағы адамдар.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"
Сурет ғаламтордан алынды