Диқандармен дидарласу

Уақыты: 12.07.2016
Оқылды: 1525
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депу­та­ты Аңсар Мұсаханов Қазыбек бек бекетіне қарасты ау­­мақ­та жай­­қа­лып тұрған егін алқабында болды. Сена­торды ау­дан әкі­мі Жан­дарбек Далабаев пен Темір­жол селолық ок­ругінің әкі­мі Қайратхан Мәдіғұлов жер­гілікті жерде ат­қарылып жат­қан жұмыстармен таныс­тырды.

Күрті жазығында биыл егіннің бітік шыққанына куә болған халық қа­лау­лысы осында еңбек етіп жатқан жұ­мыс­шы­лар­мен тілдесті. Бірер күн бұ­рын ғана арпа оруды бастаған диқан-механизаторлар мұнда дала төсін еңбек дүбіріне бөлеу үстінде. Жалпы Теміржол селолық округі бойынша биыл барлығы 1800 гектар арпа, 600 гектар бидай себіліпті. Белуар­дан келетін астықтың (суретте) түсімі көңіл тоғайтады, гектарына 25-30 центнерден айналып жатыр. Комбайн бункерінен құйылған алтын дән жүк көлігінің қорабын лезде толтырады. Ауылда қазір алты комбайн астық ору науқанына тартылыпты.

Диқандармен жылы жүзді дидар­ла­­су кезінде оларды еліміздің заң шы­­ғарушы органының қызметінен ха­бар­дар еткен Аңсар Тұрсынханұлы да­ла еңбеккерлерінің жағдайын сұ­рап біліп, олардың ой-пікірлерін тың­дады.

Серік Сатыбалдиев

Қазыбек бек бекеті