САЙЛАУ-2022. НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ АЛМАТЫДАҒЫ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Уақыты: 04.11.2022
Оқылды: 1523
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

#Сайлау2022

Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясының атынан ҚР Президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев Алматы қаласындағы сайлаушылармен кездесті. Бұл туралы үміткер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.


Кездесу барысында кандидат өзінің бағдарламасы жөнінде айтып, жиналғандардың сауалына жауап берді. Осыған дейін Нұрлан Әуесбаев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездескен болатын.   

Еске сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 19 қарашада аяқталады.  Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"