САЙЛАУ - 2022. АЛТЫ ӨҢІРДІҢ САЙЛАУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Уақыты: 05.11.2022
Оқылды: 1403
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Салтанат Тұрсынбекова Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстары мен Шымкент, Астана, Алматы қалаларына барып, халықпен кездесу өткізді. 

ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекова Алматы қаласына барып, қала тұрғындарымен кездесіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"