"САЙЛАУ-2022". БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Уақыты: 05.11.2022
Оқылды: 1392
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден елорда аумағында Қосшы, Қояды ауылдарына барып, халықпен кездесу өткізді.

"Біз облыс орталықтары емес, сол өңірдің елді мекендеріне баруды жөн санадық. Өйткені басты мәселелер сол жерде деп білеміз", - деді Қарақат Әбден. Сондай-ақ, үміткер Қарағанды, Павлодар және Семей, Алматы облыстарына да барды. Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған музыкалық колледжінде» өткен сайлауалды жиында Қарақат Әбден ұстаздармен жүздесіп, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Алдағы уақытта үміткер Қызылорда, Ұлытау, Солтүтстік Қазақстан, Қостанай облыстары сайлаушыларымен кездесу өткізбек.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"