"ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ": БІРГЕ КҮРЕСУГЕ ШАҚЫРДЫ

Уақыты: 14.11.2022
Оқылды: 801
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Президенттікке кандидат ретінде тіркелген Қарақат Әбден Қызылорда облысында кездесулер өткізіп, жергілікті жұртшылыққа сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Арал  және Қызылорда қаласының тұрғындарымен кездесу өткізген Қарақат Әбден өскелең ұрпақ тәрбиесі, ұлттық отбасы институтын талқылап, бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне тоқталды. Тұрғындардың қойған сауалдарына жауап берген кандидат әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы ұлт болашағына қауіп төндіріп отырған синтетикалық есірткі жайында ой бөлісті. Көпшілікті мамандар  дабыл қағып отырған мәселеге назар аудартқан кандидат арзан әрі қолжетімді синтетикалық есірткінің зардабы өте ауыр екендігін, есірткіге тәуелділердің арасында жастардың, тіпті мектеп оқушыларының да барлығын атап өтті. Оның айтуынша, полицейлер тәркілеген заңсыз айналымдағы 12 тоннаға жуық есірткінің 212 келісі синтетикалық есірткі. Одан бөлек, 36 есірткі зертханасы мен 43 есірткі жолы жойылып, есірткі жарнамалайтын 1900 сайт бұғатталған. Мұндай мәліметтерді Ішкі істер министрлігінен алғанын жеткізген Қарақат Әбден жұртшылықты есірткімен ел болып күресуге шақырды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"