"ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ": ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП БЕРДІ

Уақыты: 14.11.2022
Оқылды: 1173
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Салтанат Тұрсынбекова Алматыда өзін ел президенттігіне кандидат етіп ұсынған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне сайлау науқаны кезінде атқарылған жұмыстар жайлы қорытынды есеп берді.
Кандидаттың штабы таратқан мәліметке қарағанда үміткер Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген 16 күнде алты өңірге – Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстарына, Астана, Шымкент және Алматы қалаларына барып, халықпен түрлі кездесулер өткізген. Атап айтқанда, 6 өңірде 15 кездесу өткізген кандидатпен тілдесуге 3000-нан астам тұрғын келіп, сұрақ қойған. Бұдан соң президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қостанай қаласындағы №4 емхана ұжымымен кездесіп, дәрігерлер қауымын толғандырған мәселелерді сұрап білді.
 

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"