"СЕРГЕК": ТАЛДЫҚОРҒАНДА 30 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ОРНАТЫЛДЫ

Уақыты: 26.01.2023
Оқылды: 1008
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорғанда «Сергек» зияткерлік жүйесі іске қосылып, 30 бейнебақылау орнатылады.
Қала әкімі Әсет Масабаевтың айтуынша, бұл бірінші кезекте жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін азайтып, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Өткен жылы қалаға кіреберісте 5 көшеде осы аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылған. Алайда олар сынақ режимінде жұмыс істеген. Сол себепті құқықбұзушылар жазасыз қалған. Енді жаңа бейнебақылау орнатылған соң бәрі жазылып, жол қозғалысы ережесін бұзғандар жауапқа тартылады. Әсет Дүйсебекұлы аталған 30 «Сергек» бейнебақылау қаланың жетекші көшелеріне орнатылатынын айтты. Мұнда адами фактор алынып тасталғанын, барлық ақпарат бірден тіркелетінін, мұның бәрі прокуратураның бақылауында болатынын, ал құқықбұзушылық үшін айыппұлдың бар екені туралы хабарлама бірден келетінін атап өтті.

 

Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ,
Талдықорған қаласы