ЕСІМДЕРІ ЕЛ ЖАДЫНДА

Уақыты: 14.07.2016
Оқылды: 1819
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті – мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тыныштығы күзетінде нық тұр­ған, қазіргі заманға лайық­тал­­ған арнаулы қызмет. Ел се­ні­мін ар­қалаған егемен еліміздің қауіп­сіз­дік қызметінің құрыл­ға­нына биыл 24 жыл толып отыр. Осы­ған орай Ұлттық қауіпсіздік ко­митеті Алматы облысы бойын­ша де­партаментінде салтанатты ша­ра өтіп, мемориалдық кешен­нің ашылуы болды. Оған облыс әкімі Амандық Баталов қа­тыс­ты.

Шара комитет қызмет­кер­лерінің сап түзеп, Гимн айтып, Мемлекеттік Туды көтеру рә­сімімен басталды. Бұдан соң облыс әкімі Амандық Баталов департамент аумағында бой көтерген мемориалдық кешен­дегі Ұлттық қауіпсіздік қызме­тін бас­қарған Шаймұхан Мұ­қа­новқа ар­налған ескерткіш тақтаны салтанатты түрде ашып, Ұлттық қауіпсіздік қыз­меті қызметкерлерін мереке­мен құт­тықтады.

– Құрметті Ұлттық қауіп­сіз­дік ко­митетінің ардагерлері, қыз­мет­керлері! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құт­тық­тай­мын. 1992 жылдың 13 шіл­де­сін­де Президентіміз Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев еліміздің арнайы қызметін, яғни, Ұлттық қауіпсіздік комитетін құру ту­ралы Жарлыққа қол қойған еді. Дәл осы күн Ұлттық қауіп­сіздік комитеті қызметкерлерінің кә­сіби мерекесіне айналды. Бұл күн­делікті жұмысын мемлекет қауіп­сіздігіне арнап отырған аза­маттардың мерекесі. Сіздер­дің жұмыста­ры­ңыз­дан батыл, қайсар, қажырлы болып, тез ше­шім қабылдап, қимыл жасау та­лап етіледі. Бүгінде қауіпсіз­дік коми­теті қызметкерлеріне тер­роризм, діни экстремизммен кү­ресу міндеті жүк­теліп отыр. Бұл мамандықты таңдаған адам­дар­дың өмірінің соңына дейін өз ісіне адал болып қалатынын атап өту қажет. Сіздердің уақыт­пен санас­пай­тын күнделікті еңбектеріңіздің ар­қ­асында біз тыныштық пен қауіпсіздікте өмір сүрудеміз. Қажырлы еңбек­те­ріңіз үшін алғыс айтқым келе­ді. Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен тыныш­тық тілеймін, – деді ол. Амандық Ғаб­бас­ұлы осы саланың бірқатар қызмет­керін Құрмет грамотасымен ма­рапат­тады. Сондай-ақ, Алма­ты облысы мем­лекеттік қызмет­кер­лерінің ІХ жазғы спар­такиа­да­сында волейбол жа­ры­сында бірінші орын алғаны үшін атал­мыш департаменттің құрама ко­ман­дасының капитаны Андрей Соро­кинге Мақтау қағазы мен арнайы кубок табыс етті.

Шара барысында сөз алған ҚР Ұлттық қауіпсіздік коми­теті Кадрлар департаментінің бас­тығы, генерал-майор Әбіл­сейіт Дүйсебаев комитет төр­аға­сы­ның құттықтауын жеткі­зіп, ең озат қызметкерлерді мара­пат­тады.

Келесі кезекте сөз сөй­леген Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті Алматы об­лы­сы бойынша де­партаментінің бас­тығы, гене­рал-майор Сәбит Құр­ма­налиев арнаулы қызмет ұжымының бүгінгі күні алға қойған мін­детін мін­сіз орындап, ұлты­мыз­дың қауіпсіздігін қамтама­сыз ету жолында аянбай еңбек етіп келе жатқанына тоқталып, сонау сұрапыл соғыс жылда­рында Жетісудан аттанған қауіп­сіздік комитеті қызмет­керлерінің кұрметіне 213 ар­да­гердің есімі жазылған ес­керт­кіш тақта ашы­лып отырға­нын жеткізді.

Ұлттық қауіпсіздік коми­теті арда­герлер кеңесінің төр­ағасы, отставка­дағы полковник Кенжемұрат Бекна­за­ров та жү­рек­жарды лебізін жеткізіп, бү­гінде ес­керткіш тақтаға есі­мі жа­зыл­ған Шай­­мұхан атаның қасында 18 жыл бірге қызмет еткенін айтып, «ол нағыз аңыз адам, ерен ерліктің үлгісі» деген баға берді.

Арнаулы қызметте көп жыл­­дан бері қалыптасқан дәс­түр бойынша жас қызметкер­лерге табельдік қару тап­сыру рәсімін ардагерлер атқарды. Жастар атынан ҚР ҰҚК ака­демия­сының үздік түлегі, лей­тенант Жан­арыс Мереке сөз алып, ардагерлердің қажырлы еңбектерін әрдайым үлгі тұ­та­тындықтарын, қызметте қай­сар­лық пен қырағылық таны­туға дайын екен­діктерін жет­кізді.

Мемориалдық кешеннің ашы­луы­на жиналған ардагер­лердің ұрпағы атынан Шәкірт Шаймұханұлы ізгі лебізін жет­кі­зіп, әкелерінің есімі Ұлт­тық қауіпсіздік қызметкер­ле­рінің жа­дында мәңгілік қала­ты­нына шексіз ризашылығын білдірді. Есімдері тақ­таға құр­метпен жазылған 213 ардагер­дің де үрім-бұтағы үшін бұл күн қуа­нышқа толы болды.

Алма ЕСЕНБАЕВА