ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОЖОЛДЫ СУ ШАЙЫП КЕТТІ

Уақыты: 09.03.2023
Оқылды: 926
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында облыстық маңызы бар автожолды су шайып кетті деп хабарлады ТЖМ.

«7 наурызда Кербұлақ ауданында «Малайсары-Сарыөзек» облыстық маңызы бар автожолды еріген қар суы шайды. Салдарынан жергілікті тұрғындар уақытша автокөлікпен ауылға кіріп шыға алмады.ТЖД 10 қызметкері мен 2 бірлік техникасы 50 – ден астам адамды тасымалдауға көмек көрсетті, оның 14-і бала. Сағат 22.30-да су деңгейі төмендеді» – делінген хабарламада.

Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"