ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА МАЛ ҰРЛЫҒЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 28.03.2023
Оқылды: 889
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында үш күн ішінде жеті мал ұрлығы фактісі ашылды. 

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Өңір аумағында 24-26 наурыз аралығында “Мал ұрлығы” ЖПІШ өтті, оның нәтижелері бойынша жергілікті тұрғындардан мал ұрлады деген күдікпен 7 адам анықталды және жауапкершілікке тартылды. Ашылған мал ұрлығының барлық 7 фактісі бұрын жасалған қылмыстар санатына жатады.

– Үш күн ішінде Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Көксу, Панфилов аудандарының полиция қызметкерлері мал ұрлығы бойынша қылмыскерлерді ұстады. Жайылымдардан жылқы ұрлауға бейімделген жылқы ұрлықшысы анықталды. Бұл адам үш факті бойынша ұсталып отыр. Сондай-ақ ұрланған малды сатып алған бірнеше адамды анықтап, жауап алып та үлгердік. Үш күн ішінде зардап шеккен ауыл тұрғындарының ұрланған 6 жылқы, 11 қой және 7 бас ірі қара малының шығыны қалпына келтірілді, – деп хабарлады Жетісу облысы ПД КПБ.

Іс-шара барысында ұрланған малды өткізетін 78 орын (базарлар, дүкендер, ет павильондары) тексерілді. 158 автокөлік тексеріліп, малды тасымалдау ережелерінің 33 бұзушылығы анықталған. Сондай-ақ 290-ға жуық шаруа қожалықтары мен шалғайдағы жайылым қожалықтары тексеріліп, тиісті емес жерде мал жаюды бұзу бойынша 86 әкімшілік хаттамалар толтырылды.

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ