400 САРБАЗ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Уақыты: 09.05.2024
Оқылды: 303
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шегара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша  басқармасында «Көктем-2024» шақырылымы сарбаздарының Ант қабылдау рәсімі өтті. 

Төрт жүзге жуық жас Отан алдында ант қабылдағаннан кейін, аудан әкімі Алмас Абдинов, ҚР ҰҚК шегара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы М. Нарбаев сарбаздардың әскери қызметтеріне ақ тілегін білдірді. 

Осыдан кейін сарбаздардың ата-аналары мен туған туыстары да ізгі тілектерін білдірді. Соңында сақшылар қоян-қолтық ұрыстағы жаттығуларын, қызметтік итті қолдану арқылы шегара бұзушыларды құрықтауға арналған әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Жұлдыз ҚОЖАХМЕТОВА, 
ЖУ-дің студенті