Бейбіт Исабаев Ақсу ауданының тұрғындарымен кездеседі

Уақыты: 09.05.2024
Оқылды: 267
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Құрметті Ақсу ауданының тұрғындары!
 
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2024 жылғы 23 мамырда сағат 10.00-де Ақсу ауданы әкімдігі ғимаратының 1-қабатында (Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, 5) аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (7282) 40-25-06 телефон нөміріне хабарласу арқылы алдын ала жазыла аласыз.

Сондай-ақ сағат 11.00 -де өңір басшысы М.Байсақұлы атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында (Жансүгіров ауылы, Мұратбаев көшесі, 1) аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y= сілтемесі бойынша және Ақсу ауданы әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «Aksu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/aksu_akimdigi?igshid=MWZjMTM2ODFkZg== сілтемесі бойынша жүргізіледі.

"Жетісу-Ақпарат"