Жамбыл ауылының тұрғындары наразылыққа шықты

Уақыты: 06.04.2023
Оқылды: 889
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бүгін Көксу ауданы, Жамбыл ауылының тұрғындары наразылыққа шығып, жолды жапты. Оған себеп - жайылым жердің жетіспеушілігі, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Аталмыш мәселеге қатысты аудан әкімі Марлен Көлбаев өзінің фейсбук парақшасында былай деп жазды:

2023 жылғы 06 сәуір сағ: 10:00 шамасында Жамбыл ауылының тұрғындары жайылым жер тапшы деп наразылыққа шықты.

Ауылдың жеке ауласындағы тіркелген ауылшаруашылық жануарларының аналық басына шаққандағы қажетті ортақ пайдаланудағы жайылым көлемі жеткілікті, сонымен қатар, аудан әкімдігімен қосымша жерлер артығымен белгіленіп отыр, бүгінгі күнге Жамбыл ауылының шегіндегі жеке ауладағы ауылшаруашылық жануарларының саны 272 бас мүйізді ірі қара, 855 бас ұсақ мүйізді және 22 бас жылқы бар, ал ауылдың аналық басына шаққандағы қажетті ортақ пайдаланудағы жайылым көлемі 1420 га-ды құрайды, ауылға белгіленген жер көлемі 3044 га жайылымды құрайды, бұл 1624 га-ға артық)

Дегенмен, халық талабы толығымен ескеріліп, Жамбыл ауылынан құрамы 8 адамнан құрылған белсенді топ Қазақастан Республикасының заңнамаларына сәйкес:

Өз өтініштері мен ұсыныстарын жазып, талаптарын қойды;

Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша мал басына қайтадан нақты санақ жүргізіліп, тиесілі жермен қамтамасыз етілетін болды;

жайылым жерге соқа салып көтеру жұмыстары тоқтатылып, ауыл меншігіне қайтаруға келіс сөздер жүргізілуде;

Құдық мәселесіне сенбі күні арнайы жұмыс комиссиясы шығып, екі жақпен келісілген шешім қабылдайтын болды;

Жамбыл ауылының жерге байланысты барлық мәселелерін Заң аясында дұрыс шешімін тапқанша менің қатаң бақылауымда болады.

Жайылымдық жердің жетіспеушілігі жайлы мәселе осыған дейін БАҚ-та жарияланған еді.

Сурет ғаламтордан алынды