Асаубаева "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері" атанды

Уақыты: 20.04.2023
Оқылды: 673
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

️Шахматшы Бибісара Асаубаева "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері" атағын алды, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Бұндай жаңалықты шахматшы өзінің Instagram желісіндегі Stories қосымшасында бөлісті.

"Мені құттықтап қойсаңыздар болады. Алдарыңызда еліміздегі жалғыз "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері", - деп жазған ол. 

Аталған ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі де растады. 

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ