Бұрын сотталған ер адам ауылдасын тонады деген күдікке ілінді

Уақыты: 08.05.2023
Оқылды: 923
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында бұған дейін сотталған ер адам ауылдасын тонады деп күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл факт Панфилов ауданында тіркелді. 4 мамыр күні Сарыбел ауылының 47 жастағы тұрғыны полицияға арызданып, ауылдасы тонағанын хабарлады.

Жәбірленушіден 3,5 миллион теңге ашық түрде алынған.

Күдікті ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ол бұрын сотталған 30 жастағы ер адам болып шықты, оны уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Дерек бойынша тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес (тонау) жүргізіліп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"